Қытайға ет экспорттайтын фермерлерге жаңа талап енгізілді
Қытайға ет экспорттайтын фермерлерге жаңа талап енгізілді
3 жыл бұрын 2583 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі елге ет экспорттайтын мал шаруашылықтарына қатысты жаңа талап енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы «Известия» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайға ет экспорттайтын фермерлер өздерінің фермасына видеоинспекция өткізіп қытайдың құзырлы органдарына жөнелтуі тиіс. Бұл шарасыз Қытай халық ресмпубликасының сертификаттау және аттестаттау жөніндегі басқармасында тіркеуден өте алмайды, соған байланысты етін елге экспорттай алмайды. Қытай билігі бұл шараны сақтық мақсатта, дәлірегі, қандай да бір ауруға бастайтын күмәнді жайттардың алдын алу үшін барып отыр. Жаңа ереже 2022 жылдың бас кезінен бастап қолданысқа енеді. Десе де видеоинспекцияның қалай ұйымдастырылатыны белгісіз күйінде қалып отыр, соның ішінде, видеолық тексеру жұмыстарының уақыты белгіленбеген, нақты нені көрсету айтылмаған.

0 пікір
Мұрағат