Бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерге ішімдік ішуге тыйым салынуы мүмкін
Бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерге ішімдік ішуге тыйым салынуы мүмкін
1 ай бұрын 432 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 — 2030 жылдарға арналған Алкоголмен күрес жөніндегі ғаламдық жоспарының алғашқы жобасын өздерінің сайтында жариялады. Ғалымдар бала көтеруге қабілетті әйелдерге ішімдік ішуге тыйым салуды ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ДДСҰ-ның сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоспарда адамзатқа алкоголді сусындарды тұтынудың зияны туралы ақпаратты кеңінен тарату мен түсіндіру жұмыстарына айрықша мән берілген. Соның ішінде балаларды, аяғы ауыр әйелдерді және бала көтеруге қабілетті әйелдерді зиянды әдеттен қорғаудың маңыздылығы айтылған. Осы орайда құрсақ көтергенге дейін және жүкті кезде ішімдік ішу болашақ перзенттің дамуына тежеу салып, ақыл-есі мен денінің саулығына залал келтіретіні дәлелденгенін айта кету керек. Ішімдік ішуге Саудия секілді шариғат талаптары қатаң сақталатын бірқатар мұсылман елдерінде толық тыйым салынған. Бұдан бөлек, әлемнің көптеген елдерінде осынау жат әдетпен күресте түрлі шектеу шаралары қабылданған, соның ішінде жасы 21-ге толмаған азаматтарға ішімдік сатуға тыйым салынған. 2018 жылы Ресей Федерациясының Ленинград облысының заң шығарушы органының депутаты Владимир Петров темекі мен ішімдік өнімдерін тұтынған және есірткі қолданған аяғы ауыр әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынған болатын, т.б.

0 пікір
Мұрағат