Сүйінші!!! Порталымыздың жеке блогтұғыры іске қосылды
Сүйінші!!! Порталымыздың жеке блогтұғыры іске қосылды
9 жыл бұрын 6239

Құрметті порталымыздың сүйікті оқырмандары!

Сіздерге порталымыздың блогтұғыры  ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұдан былай әр оқырман өзінің жеке блогын ашып, онда өзінің ой-пікір, мақалаларын, қызықты аудио-видеоларын, фотоларын жариялап, көпшілікпен бөлісе алады. Өзге блогтағы материалдарға пікір білдіру, талқылау мүмкіншілігі де қарастырылған. Жазылған пікірлерге және ұнатуларға да автоматты түрде хабарлама келіп тұрады. Ең қызықты жазбалар порталымыздың бас бетінде  жарияланып отырады.

Әрбір ойлы адамның өзіндік айтар сөзі болады. Өзіңіздің көкейде жүрген адуынды ойларыңызды жариялау арқылы оқырманға ой салып, қоғамдық пікір қалыптастыра аласыз, һәм кез-келген мәселені көпшіліктің талқысына ұсынып, жұрттың ол жайында пікірін білуге болады.

Өзіңіздің көрген-білген қызықты дүниелеріңізді көпшілікпен бөлісу арқылы оқырманға керемет көңіл сыйлап, қызықты әлемнің бел ортасында боласыз.

Ең белсенді 10 блогқа Islam.kz порталының арнайы сыйлығы бар! Олай болса іске сәт! Келіңіздер, өз блогыңызды ашып, қызықты әлемді құруға ат салысып, үлес қосыңыздар!

Алла қаласа, еліміздегі көпшілікке танымал білімді дін мамандарының салмақты ойлары мен уағыздарын да осы блогтұғырымыздан табатын боласыздар. 

Жаңадан ашылып жатқан осынау блогтұғырдың кем-кетіктері болып жатса, өздеріңіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді күтеміз!

 

>>> БЛОГ АШУ <<<

Блог ашу оп-оңай. Ол үшін сайтымызға тіркелмеген қолданушылар болса, алдымен тіркелуі шарт. Бұрын тіркелген оқырмандар әдеттегідей сайтқа кіріп, блогтар айдарына өтеді. Блогтұғырдың оң жақ шекесінде «Блог ашу» деген жазуға басып, көрсетілген нұсқаулықтар бойынша әркім өзінің жеке блогын аша алады. Блог ашқаннан кейін жаңа жазбалар орналастыруға, оларды "мақалаларым", "сұқбаттарым", "фотоларым" сынды түрлі атаулармен айдарлар ашып, сол жерде топтастыруға болады. 

Ескерту: Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы кез-келген жазбалар портал әкімшілігі тарапынан жойылып отырады.

11 пікір
  • Машалла! Иә біз тіркеліп қойдық. Жақсы екен. Мына бір жақсы дүние болды.
    9 жыл бұрын
  • МашаАЛЛА блокка қосылдық керемет екен!!!Алла разы болсын!!!
    9 жыл бұрын
  • Әлі де қосатын дүниелері бар. Құдай қаласа, бар мүмкіншіліктерін кемелдендіруге, кемшіліктерін түгендеуге тырысамыз. Ат салысуларыңызды күтеміз!
    9 жыл бұрын
  • Өте жақсы ! істеріңіз алға басып , берекелі болсын ! көпшілікке "Үлкен мүмкіндік" болған бұл жоба жалғасын тапсын !
    9 жыл бұрын
  • Керемет! Алла Тағала әрбір жасалып жатқан істеріңізге береке берсін!
    9 жыл бұрын
  • Құтты болсын! Бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін! Алла разы болсын!!!
    9 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум!!! Маша Аллах өте қуанышты жаңалық екен. Еліміздің ең бетке ұстар сайттарының бірісіздер, Аллаһ разы болсын сіздерге! Істеріңіз тек алған бассын! Хақ дініміз Ислам өркендеп, қанаты қатайып, биікке кеңінен самғасын, елге дұрыс түсіндіріліп, жеткізіліп, жариялана берсін! Баріміз бірдей атсалысуға мүмкіндік туып отырған сияқты бауырлар, олай болса ин ша Аллаһ іске сәт бәріңізге!
    9 жыл бұрын
  • Кутты болсын!
    9 жыл бұрын
  • Қуаныштымын. Алла бастаған істеріңізге береке берсін.
    9 жыл бұрын
  • Қайрат аға,
    сіздің видеоларыңызды күтеміз!
    9 жыл бұрын
  • АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН !
    9 жыл бұрын
Мұрағат