Сәулет: Жерасты мешіті ең үздік жоба атанды
Сәулет: Жерасты мешіті ең үздік жоба атанды
9 жыл бұрын 3755

2013 жылы бүкіл әлемдік сәулет фестивалінде ең үздік діни ғимарат ретінде жүлделі орынға ие болған әлемдегі ең алғашқы жерасты мешіті – Санжақпар мұсылмандар құлшылық үйі биыл Лондон қаласындағы Дизайн мұражайының нұсқасы бойынша ең озық жобалар тізіміне енді. Фрэнк Гери жобасын сызған Louis Vuitton қорының мұражайымен, Google-нің өздігінен жүретін, яғни, жүргізушісіз қозғалатын автокөлігімен, Сочи шаһарындағы «Мега-лица» олимпиада жобасымен қатар үздік сәулет туындыларының қатарына енген Санжақпар мешіті үстіміздегі жылдың наурыз айының 25-і күні Дизайн мұражайында басталған «Жыл жобасы – 2015» көрмесінде исі мұсылманның мақтанышына айналды. Ыстамбұлдың Бүйүкчекмеж округында орын тепкен бұл мешіт жерастына 7 метрге терең салынған. Оның жобасын мұсылмандарға әйгілі Хира үңгірінен шабыт алған Емре Аролат есімді түрік сәулетшісі сызған болатын.

0 пікір
Мұрағат