Технология адам ғұмырын 1000 жылдан аса ұзартуы мүмкін
Технология адам ғұмырын 1000 жылдан аса ұзартуы мүмкін
2 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерденің дамуы адамдарға болашақта 1000 жылдан аса өмір сүруіне мүмкіндік беруі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, медицинадағы және организмнің қартаю процесіне қатысты зерттеуде мұндай жетістікке АІ технологиясы мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Business Insider мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл гипотезасының нақты шындыққа айналуына әлі біршама уақыт кетеді. Десе де Нұқ пайғамбар заманында адамдардың ұзақ ғұмыр сүргені туралы жанама деректер бұл гипотезаның нақты шындыққа айналуына күмәнмен қарамауға негіз бола алады. Болжам бойынша биологиялық қартаю процесін белгілі бір мерзімге шегеру жолдары табылса, адам болашақта 1400 жылға дейін өмір сүре алады. Бұған жасанды зерде көмегімен ашылатын биомедицинадағы жаңалықтар сеп болуы мүмкін. Ол ол ма, ғылым адам организімінің қартаю процесін 20 жастағы адамның денсаулығы деңейінде ұстап тұруға қауқарлы болуы мүмкін. Әлемге әйгілі Оксфорд жоғары оқу орнында Адамзаттың болашағы институтының негізін қалаған (алайда, 2024 жылы жұмысын тоқтатқан), адам мен жаңа технологияның дамуы жөніндегі білікті маманы Ник Бостром осындай қорытындыға келіп отыр. Оның пікірінше, жасанды зерде экзистенциалды қауіп-қатерді төмендете алады.

0 пікір
Мұрағат