Тұңғиықтан ерекше балық таспаға тартылды (видео)
Тұңғиықтан ерекше балық таспаға тартылды (видео)
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық мұхиттанушы мамандар тұңғиыққа экспедициясы кезінде тарихта алғаш рет ерекше балықты аса дәл технология көмегімен таспаға тартып алды. Бұл туралы islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымның сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Монтерей-Бей аквариумы зерттеу институтының қызметкерлері 600 метр тереңдікте айрықша жаратылыстардың бірін өз көздерімен көрудің сәті түскен. Ғалымдар Орталық Калифорния жағалауынан 90 шақырым қашықтан су асты аппаратын басқарды. Ғалымдар ағылшын тілді ортада бөшкелі балық деп аталатын аз зерттелген шағын макропиннаға тап болған екен. Соңғы 40 жыл ішінде тұрақты мұхиттық зерттеулер мен 7000 суға түсуді жүргізу барысында мамандар осынау терең суда мекендейтін теңіз жануарын небәрі 11 рет көре алған. Бұл жануардың басты анатомиялық өзгешелігі - ерекше сұйықтыққа толы, мөлдір, күмбезді бастан тұрады. Осы көзге көрінбейтін қабық арқылы ішкі сезім ағзалары мен ашық жасыл шар тәрізді көздері анық көрінеді. Көру мүшелерінің жарқырауы мұхиттың күңгірт аймағында жоғарыдан жүзіп өтетін олжаның ең әлсіз сұлбаларын да сезінуге көмектеседі. Үлкен әрі жазық, жүзу қанаттары терең су қабатында ұзақ уақыт су астындағы ағынның ығында кетпей, қозғалмай тұруына көмектеседі. Ғалымдар сирек кездесетін терең су тұрғынын егжей-тегжейлі зерттеу мен бейнетүсірілімге шамамен 20 минут жұмсады. Алынған материалдар биологтарға мәңгілік қараңғылық жайлаған ортадағы жануарлардың көру қабілетінің эволюциялық бейімдеу тетіктерін жақсы түсінуге көмектеседі

 

0 пікір
Мұрағат