Денсаулық: Британияда ішімдікті шектен тыс тұтыну миллиардтаған доллар шығынға батыруда
Денсаулық: Британияда ішімдікті шектен тыс тұтыну миллиардтаған доллар шығынға батыруда
9 жыл бұрын 3824

Ұлыбританияда сарапшылар ел тұрғындарының ішімдікті шектен тыс тұтынуынан ұлттық экономикаға орасан зор шығын келіп отырғандығы жөнінде дабыл қақты. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Бат университетінің ғалымдары аталмыш мәселеге қатысты статикалық есепті шотқа салып көрген: ішімдікке жұмсаған қаражат жылына 7,24 миллиард доллардаан асып кеткен немесе сағатына шаққанда бұл көрсеткіш 812 долларға жеткен. Ал жан басына шаққанда күніне 113 доллар ішімдікке жұмсалған. Бұл есепке ішімдік ішуден пайда болған жол-көлік апаты, денсаулықты қалпына келтіру шығыны, полиция мен жедел жәрдем қызметінің ақысы да кірген. Доктор Джонатан Джеймстің айтуынша, ішімдіктің салдарынан жедел жәрдем шақырту көрсеткіші күніне 8 пайызды құраған. Ішімдікті шектен тыс ішудің салдарынын тәртіпсіздікке жол бергендердің 45 пайызы тұтқындалған. Тәртіп сақшыларының қарасын әдеттегі штатқа қарағанда үштен бір есеге көбейтуге тура келген. Осы шығынның ішінде ішімдіктің салдарынан жұмыстан қалуға немесе шығып қалуға, денсаулығын құртып алуға байланысты келетін шығын (7,24 миллиард доллар) кірмеген. 

 

Мамандар шикі сүт ішуге тыйым салды

Шикі сүт ішетін адамдар пастерленген сүтті тұтынушыларға қарағанда астан 100 есе көбірек уланады екен. Диарея, жүрек айну, іштің ауыруы және қызу көтерілу сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Тіпті, бүйрек жұмысын тоқтатып, адамнның өліміне апарып соқтырған жағдайлар да кездеседі. Бұл жайында Zee News ақпарат көзі хабар таратты.
Ғалымдар сиырдың шикі сүті туралы 1000-нан астам мақаланы сараптады. Сараптама шикі сүттен Salmonella, Campylobacter, Listeria және Escherichia coli O157:H7 сынды бактериялар табылғанын көрсетті. Бұл бактериялар улануды тудыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат