|
Мұсылман елі қызметкерлерін жұма намазына жібермейтін жұмыс берушілердің мәселесін «май шаммен» қарайтынын болды
|
Малайзия билігі, дәлірегі, дін істері, кәсіпкерлікті, кооперативті, өмір сүру деңгейін дамыту жөніндегі мемлекет комитет жетекшісі Райыс Жасын мұсылмандарды жұма намазына жібермейтін жұмыс берушілер турасында хабарлауды сұрады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде freemalaysiatoday.com сайтына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жұма намазына сұранғанда жібермеген жұмыс берушінің немесе компанияның үстінен шағымдана алатынын әрі ондай жұмыс берушіге дереу, тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді. Лауазымды тұлға бұл мәлімдемесін Мелака штатына жұмыс сапарымен барғанда өзіне жұма намазына қызметкерлер жіберілмеген жағдайда не істеу керектігіне қатысты сауал қойылғанда жасады. Осы орайда Терентану штатында барлық компанияға 12/30-14/30 уақыт аралығында жұма намазы үшін үзіліс жариялауға пәрмен беретін заң қабылданғанын айта кетпекпіз.