Азия елі қылмыстық атқару жүйесін реформалайды: өлім жазасы қолданылатын қылмыс түрлерін азайтады
Азия елі қылмыстық атқару жүйесін реформалайды: өлім жазасы қолданылатын қылмыс түрлерін азайтады
3 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2027 жылдың 1наурыз айының 1-нен бастап Ветьнамда есірткіні заңсыз сату, 16 жасқа толмаған адамдарды зорлау және басқа да төрт қылмыс бойынаш айыпталғандар ең жоғары жазаға кесіледі - өлім жазасының орнына өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы VnExpress мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарашаның 10-ы күні оңтүстік-шығыс Азия елінің ұлттық жиналыс қылмыстық кодекстің өзгертілген нұсқасын қабылдап, өлім жазасын қолдану аясын 10-нан 4-ке дейін қысқартты. Өлім жазасы алынып тасталған алты қылмысқа есірткіні заңсыз сату, 16 жасқа толмаған адамдарды зорлау, тәртіпсіздік, адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және халық үкіметіне қарсы бағытталған терроризм жатады. Төрт қылмысқа бұрынғысынша өлім жазасы қолданылады: сатқындық, кісі өлтіру, терроризм және есірткіні заңсыз өндіру. Вьетнам билігі мұндай қадамға қылмыстық жауапкершілікті әртараптандыру үшін барып отыр. Ең жоғары мерзім - жоғарыда аталған алты қылмыс үшін өмір бойына қамау - бұрынғысынша қылмыстың алдын алу және бақылау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған алты қылмыстың бірін жасаған адамдар, тіпті, олар заң күшіне енбей тұрып, яғни, 2027 жылдың наурыз айының 1-не дейін қылмыс жасаса да жаңа Кодекс күшіне енген күннен бастап сот кезінде өлім жазасына кесілмейді. Бұдан бөлек, жасаған қылмысын өз еркімен мойындаған әрі салдарын жойып, келтірген залалдың орнын толтырған адамның жаза мерзімін қысқарту талабы қарастырылған. Ол қылмыскер соттың бірінші инстанциясында осыларды орындаса, оның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін. Дегенмен, мұндай жеңілдік аса ауыр қылмыстарға қолданылмайды. Мәселен, ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіру, кісі қанын мойнына жүктеу, т.б. ауыр қылмыстар.

Бизнес 57 құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Кодекс бір мезгілде қылмыстық жауапкершілікті айқындау тәсілін өзгерте отырып, коммерциялық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік аясын 33-тен 57-ге дейін кеңейтті. Жеке тұлға тікелей қылмыстық әрекет жасайтын адам ретінде айқындалады, коммерциялық заңды тұлға үш шартты орындаған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылады: қылмыстық әрекет заңды тұлғаның мүддесі үшін заңды тұлғаның атынан жасалады, сондай-ақ, заңды тұлғаның нұсқауы, басқаруы немесе бекітуі тиіс. Коммерциялық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершiлiгi аясын кеңейту процедурасы халықаралық талаптарды, жеке экономикалық дамудың ашрттары мен саясатын сақтаумен қатар, яғни, бiр мезгiлде инвестициялық және iскерлiк ортаға, қызметкерлерге және әлеуметтiк қамсыздандыруға тигізген теріс әсерiн бағалау негiзiнде қаралады.

0 пікір
Мұрағат