Шетелдегі қазақтарды қорғайтын заң қабылданбақ
Шетелдегі қазақтарды қорғайтын заң қабылданбақ
3 жыл бұрын 1865

Отандастар қоры шетелдегі қазақтардың мәртебесін анықтау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберді. Қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов түзетулер нақты қашан енгізілетіні туралы айта алмады. Бұл туралы Orda.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлады.

Бірақ Қазақстан басқа елдің азаматтарының құқығын қорғай алмайды.

"Бірақ гуманитарлық және мәдени байланыстарды қолдау – бұл басқа мәселе. Жалпы қазіргі уақытта шетелдегі қазақтардың мәртебесін анықтайтын заң жобасы әзірленуде. Біз өз ұсыныстарымызды уәкілетті мемлекеттік органдарға жібердік", – деді Мағауия Сарбасов.

Бұл мәселелер қоғамдық комиссия аясында талқыланды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға тек 400-ге жуық ұсыныстар жіберілді.

"Заңды қабылдау – бұл өте ұзақ процесс. Тыңдаулар мен кездесулер парламентте қаралмас бұрын өткізілуі керек. Осы жұмыстардың барлығы жүзеге асырылуда. Өкінішке орай, нақты уақытын айта алмаймын", – деп қорытындылады спикер.

Оның айтуынша, Қазақстанға 2020 жылы 13 мың қандас көшіп келген. Бұл мемлекет бөлген 1350 адамға арналған квотадан 10 есе көп.

Abai.kz

0 пікір
Мұрағат