|
Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды
|
Халықаралық ғалымдар тобы анықтағандай, ағаштар жауын-шашынды көбейтетін болып шықты. Алайда, мұның сыры неде екені әлі белгісіз. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт, яғни, аталмыш жаңалық өз кезегінде жаһандық жылынуға қарсы күреске жаңа серпін беретін болады. Белгілі болғандай, Еуропа аумағындағы ауыл шаруашылық жерлерін орман-тоғайға айналдыру жылына орташа есеппен жауын-шашынды 7,6%-ға арттырады. Бұл табиғи заңдылыққа ғалымдар ұзақ уақытқа созылған бақылау арқылы көз жеткізген, десе де мұндай заңдылықтың құпиясы әлі беймәлім. Осы орайда ағаш отырғызу науқаны күллі әлемде климат өзгерісіне қарсы күрестің ең басты міндеттерінің біріне айналғанын айта кетпеске болмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады