Sajde.kz мобильді қосымшалар рейтінгісінде үшінші орын алды
Sajde.kz мобильді қосымшалар рейтінгісінде үшінші орын алды
9 жыл бұрын 4701

Forbes Kazakhstan журналында жарық көрген қазақстандық мобильді қосымшаларының ТОП-30 рейтингісінде Sajde.kz қосымшасы үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан қалалары бойынша намаз уақыттарын көрсететін коммерциялық емес бұл қосымша қолданушылар арасында тез-ақ танымал болып үлгергенін осыдан аңғаруға болады. Алғашқы орында Kolesа.kz тұрса, екінші орынды Beeline байланыс операторының мобильдік қосымшасы еншілеген.

Өткен жылы Қазақстанда жасалған қосымшалардың (приложения) алғашқы рейтингісі Forbes Kazakhstan журналында қыркүйек айында жарық көрген болатын. Бұл өз кезегінде қоғам назарын электронды бизнеске аударды деуге болады. Биылғы жылғы талдаудың жөні бөлек. Саннан сапаға көшу анық байқалады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мобильді қосымша жасаушылардың саны артқан.

«Біздің қазақстандық мобильді қосымшаларды зерттеу бағытымыз жылдан-жылға жалғасатын жоба болғанына біз қуаныштымыз» - деді Intervale Kazakhstan компаниясының директоры Марина Мартынова.

Араға көп уақыт салмай жаңартылып тұратын Sajde.kz қосымшасы өз қолданушыларын әсте жалықтырған емес. Алдыңғы орындардан көрінуінің бір себебі де осы болса керек. Sajde.kz-ті кезекті жетістігімен портал ұжымы атынан құттықтап, алдағы уақыттарда да алдыңғы орындардан көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

4 пікір
Мұрағат