«Хасеки» ислам институтына қабылдау емтиханы болды
«Хасеки» ислам институтына қабылдау емтиханы болды
9 жыл бұрын 7292 muslim.kz/ muslim.kz/

Кеше «Астана медресесінде» Түркия республикасы Кайсери қаласындағы «Хасеки» институтына шәкірттер қабылдау емтиханы өтті.

«Хасеки» білім беру орталығының ұстазы Мехмет Косе мен Коня қаласындағы «Селчук» білім беру орталығының директор орынбасары Карабажак Дурмусали елордаға арнайы осы мақсатта келіп, ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болған еді. Түркиялық дін мамандары «Хасеки» институтына оқуға қабылдау емтиханын 22-23 шілде аралығында өткізіп отыр.

Аталмыш оқу ордасына өтініш білдірген «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медреседен 60 үміткердің алғашқы тобы «Астана медресесінде» білім сынағынан тапсырып бастады.

Осы сынақтан сүрінбей өткен 20 қазақстандық шәкіртке Түркияға жолдама беріледі.

Ал, осыған дейінгі емтихан нәтижесі бойынша 2013-жылы «Хасеки» оқу орнына 27 шәкірт, 2014-жылы 20 шәкірт оқуға түскен. Емтиханнан өткен шәкірттерді Түркия тарапы жол сапары, ас-суы мен жатын орын және ай-сайын шәкіртақымен қамтамасыз етеді.

«Хасекиге» қабылдау емтиханы басталды (ФОТО)

1 пікір
  • Қандай үлкен бақыт! Алла ниеттеріне жеткізсін!
    Әйелдер қауымы бұл университетте білім ала алады ма?
    9 жыл бұрын
Мұрағат