Егіздердің анасы Интернет қолданушыларын қарық қылды
Егіздердің анасы Интернет қолданушыларын қарық қылды
9 жыл бұрын 5164

Австралияда егіз қыздардың анасы Facebook желісіндегі ерекшежазбасының арқасында Интернет жұлдызына айналды. 26 жастағы Энни Нолан Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына егіз қыздарының суретін салып, өтіп бара жатқандардың оны жалықтырып, жиі қоятын сұрақтарына жауап жазып, жариялады. 

Егіздердің анасы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын бастапқыда қағазға жазып, серуендеуге шыққанда бірге ала жүруді ұйғарыпты. Бірақ кейін оны суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялауға бел буған. 

Жауаптардың тізімі мынадай болды:

1. Иә, бұл менің балаларым.

2. Иә, олар - егіздер.

3. Иә, екеуі де - қыз.

4. Жоқ, олар бірдей емес.

5. Иә, мен олардың ұқсас екенін білемін.

6. Иә, мен олардың бірдей емесіне сенімдімін.

7.  

8. Олар ішті жарып алу арқылы дүниеге келді.

9. Сіздің отбасыңызда да егіздер бар ма? Тамаша.

10. Менің отбасымда егіз болған жоқ. Әлі де жоқ.

11. Иә, менің қолым бос емес (осының бәріне төзу үшін кейде екі стакан шарап ішемін).

12. Иә, үшем болса, бұдан да қиын болар еді. 

Әлеуметтік желідегі жазба егіз қыздардың анасына ғажап танымалдық сыйлады. Сурет 26 мың адамға ұнаған, ал әйелдің Facebook желісіндегі жазылушыларының саны жүздеген адамнан бірнеше мыңға жетіпті.

0 пікір
Мұрағат