Қазақстанның 8 қаласы мен БАӘ курорттарының арасында әуе рейсі қатынайды
Қазақстанның 8 қаласы мен БАӘ курорттарының арасында әуе рейсі қатынайды
3 жыл бұрын 2179 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

SCAT әуе компаниясы еліміздің 8 қаласынан Рас-әл-Хаймaға тікелей әуе қатынасын орнатады. 2021 жылдың наурыз айының 5-нен бастап. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf Bussines ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазақстандық туристер мұндай мүмкіндікке SCAT компаниясы мен Рас-әл-Хаймaның туризмді дамыту жөніндегі басқармасы (RAKTDA) арасындағы келісім бойынша ие болмақ. Тікелей рейс Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, орал, Қарағанды және Шымкенті қалаларынан ашылады - Boeing 737-700 NG ұшағымен аталған араб еліне аттана алады. Рас-әл-Хаймда қазақстандық туристер тегін тест тапсыра алады. Жұқпалы індеттен сақтану үшін. Осы орайда қазақстандықтар арасында БАӘ-ге баратын туристер қарасы көп екенін айта кеткіміз келеді. Дәлірегі, аталған араб еліне баратын туристер қарасы бойынша қазақстандықтар бестік құрамынан көрінген. Рас-әл-Хаймa туристерге тегін тест тапсыруға мүмкіндік берген алғашқы әмірлік. Рас-әл-Хаймa Біріккен Араб Әмірлігіндегі саяхат пен туризм бойынша бүкіл әлемдік кеңестің (WTTC) Safe Travels Stamp мөріне ие болған алғашқы қала атанды.

0 пікір
Мұрағат