Таяу Шығыста жасушалардың аса ірі банкі құрылды
Таяу Шығыста жасушалардың аса ірі банкі құрылды
3 жыл бұрын 2461 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ирандағы Royan Stem Cell Technology компаниясының бас директоры Моретеза Зарраби аталмыш орталықтың соңғы жетістіктері турасында сөз етті. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол аталған компанияда діңгекті жасушаның ірі банкі ашылған әрі онда ол кіндік қанның діңгекті жасушалары, ішкі қан (яғни, тамыр ішіндегі қан. Периферилік қан. Оны, яғни, периферилік қанның діңгекті жасушасын, мәселен, лейкомияға (қанның қатерлі ісігіне) шалдыққан науқасқа трансплатациялауға болады. Пациентке трансплантацияланған діңгекті жасушалар өсіп, қатерлі ісік жасушаларын алмастыратын болады), сүйек кемігі және кіндік тіні сақталатынын айта келе діңгекті жасушалардың құнды қайнар көздеріне ие екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол аталған банкте 150 мыңнан аса кіндік қанының үлгілері сақтаулы тұрғанын жеткізді. Бұл аса бағалы ресурс науқастарды емдеуде пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат