Кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқандар жауапкершілікке тартылады
Кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқандар жауапкершілікке тартылады
3 жыл бұрын 1833

Кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға, бәс тігумен айналысуға тартқаны немесе рұқсат еткен заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2021 жылғы 25 ақпандағы бесінші отырысында Мемлекет басшысы заңды тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға және бәс тігуге айналысуға тартқаны немесе рұқсат ету үшін лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға дейінгі әкімшілік жауаптылығын енгізу жөніндегі мәселені заңнамалық тұрғыдан пысықтауға тапсырма берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде осы бұзушылық үшін жеке тұлғалар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін Мәдениет және спорт министрлігі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Осы іс-шараларды іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және өзге де ұйымдармен бірлесіп жұмыс тобы құрылатын болады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
0 пікір
Мұрағат