Әлеуметтік паразитизмге жол бергендер жазаланады
Әлеуметтік паразитизмге жол бергендер жазаланады
3 жыл бұрын 2302 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің прокуратурасы қоғамдық орындар мен қала көшелерінде немесе әлеуметтік желіде қайыр сұрағандарға жаза қолданылатынын ескертті. Дәлірегі, қайыршы кейпіне еніп, ақша жинайтындар жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қайыр тілеуді кәсіпке айналдырып алғандар мен оны ұйымдастырғандарға 100 мың дирхам (27,3 мың доллар мөлшерінде) айыппұл салынып, алты айға дейін бас бостандығынан айырады. Ал қайыршылықты ұйымдастырғандар екі немесе одан да көп жылға бас бостандығынан айырылады. Аталған араб елі осылайша әлеуметтік паразитизммен күресті күшейтіп отыр. Ал қайыр тілеу кезінде қолға түскендерге 5 мың дирхам (шамамен 1,3 мың доллар) айыппұл салынып, үш айға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер қайыр тілеуді кәсіпке айналдырып алғаны немесе қайыршы кейпіне еніп, соның ішінде былайғы жұрттың жанашырлығын тудыру мақсатында өзін мүмкіндігі шектеулі жан етіп көрсетіп, алдау арқылы ел үстінен күнкөруді әдетке айналдырғаны анықталса, жаза қатаңдатылады. Қайыршылықты бопсалаудың бір түрі ретінде қарастырып, осынау жат әдетке тосқауыл қоюға арналған науқанды қасиетті Рамазан айында қолға алып отыр.

0 пікір
Мұрағат