Түркияда ертең елең еткізетін айтулы шара өтеді (видео)
Түркияда ертең елең еткізетін айтулы шара өтеді (видео)
3 жыл бұрын 2567 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Түркия тұрғындары мен меймандары және туристер ертең, дәлірегі, мамыр айының 19-ы күні аталған елдегі айтулы шараға куә болады – бұрынғы Ататүрік орталығының орнына тұрғызылған Тақсым мешіті салтанатты жағдайда ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ғибадаи ғимаратын салуды қазіргі ел президенті Режеп Тайып Ердоған 1990-шы жылдардың бас кезінде Стамбұл басшысы болуға талпыныс жасаған кезде сайлаушыларына уәде еткен еді. Содан бері 30 жылдай уақыт өтті. Бұл мешітті салуға қарсы болған наразы секуляристік топ та, қолдау білдірген азаматтардың қарасы қалың болған еді. Бір мезгілде 4 мың адам қатар тұрып құлшылық ете алатын мұсылмандардың түрік жеріндегі осынау құлшылық үйінің құрылысына аттай 4 жыл кетті. Жоба бойынша алаңда мешіттен бөлек османлы дәуіріне тән артеллерия казармасы да орналасады.

0 пікір
Мұрағат