Қазақстанда қанша секта бар?
Қазақстанда қанша секта бар?
2 ай бұрын 3306 Элмира Жақсыбайқызы

Елімізде Иегова куәгерлерінің – 60, Новоапостоль шіркеуінің – 24, Кришна санасы қоғамының – 11, Бахаилардың – 6, Муниттердің – 1 бірлестігі бар. Тіпті, Қазақстанда мормондардың 2 бірлестігі тіркелген. Олар «Иса Мәсіхтің Соңғы күндегі әулиелер шіркеуі» (Церковь Иисуса Христа Святых последних дней) деп аталады. Оны ХІХ ғасырда Нью-Йорк штатында америкалық уағызшы әрі масон Джозеф Смит құрған. Елімізде барлығы 3 мың 585 ғибадат ғимараты жұмыс істейді. Нақтылай кетсек, қазіргі кезде Қазақстанда мешіттер саны 2 мың 678-ге жетіпті. Бұдан өзге, 301 православ храмы, 108 католик шіркеуі, 406 протестант құлшылық үйі, Иегова куәгерлерінің 57 құлшылық үйі, Новоапостоль шіркеуінің 24 құлшылық үйі, 6 синагога, Бахаидың 2 құлшылық үйі, кришнаидтердің 2 құлшылық үйі және 1 будда храмы бар. Ресми түрде мемлекетімізде 581 миссионер тіркелген. Оның 438-і – шетел азаматтары. Қалған 143-інің Қазақстан азаматтығы бар. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі Іnbusiness.kz порталына сілтеме жасай отырып мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат