Қоршаған ортаны қорғауда маңызды қадам жасалды
Қоршаған ортаны қорғауда маңызды қадам жасалды
4 жыл бұрын 2017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия билігі қайта өңдеуге әрі пайдалануға келмейтін бір жолғы пластик заттар мен бұйымдар, атап айтқанда, пластик түтікшелер мен тағам контейнерлері мен құралдар өндірісіне тыйым салды. Осылайша елдегі қоқыс мөлшерін 20%-ға кемітудің тиімді шарасына көшті. Германия билігінің қоршаған ортаны қорғаудағы бұл маңызды қадамы пластик мөлшерін азайтуға бағытталған Еуропалық одақ директивасымен байланысты жасалды. 2021 жылдың шілде айының 3-і күнінен бастап пластик заттар мен бұйымдарды өндірген, пайдаланған кәсіпорындар 100 мың еуро мөлшерінде айыппұл арқалайды. Сөз орайы келгенде мынаны айта кету керек: бұрындары аталған ел билігі пластиктен біртіндеп бас тартудың жоспарын әзірлеген еді. Аталмыш жоспар бес тармақтан тұрады. Ең маңызды талаптарының біріне жоюға әрі қайыра пайдалануға келмейтін пластиктен заттар мен бұйымдар өндірісіне біржола тыйым салу жатады. Осы уақытқа дейін неміс билігі тауарларды пластик ыдыспен қаптауға әрі пластик шөлмектерді сатуға тыйым салған еді. Германияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайыра пайдалануға келетін әрі ыдырауы экологиялық жағынан зиянсыз материалдарды қолданған компанияларға үкімет тарапынан қосымша жеңілдік шаралары қарастырылатынын мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат