«Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді, келесі халифа бұрынғы есірткі бароны...»
10 жыл бұрын 7587

Осы секілді тақырыптар ақпарат айдынында күн тәртібіне көтерілді. Осыдан екі күн бұрын сайтымызға жарияланған ақпаратта ИСИМ-нің баспасөз хатшысы Әбу Мұхаммед әл-Аднани «туиттер» арқылы жасаған мәлімдемесінде Әбу Бәкір әл-Бағдадидің жараланғанын, бірақ жағдайының жақсы екенін хабарлаған еді. Кеше «ИСИМ-ге қарасты» деген кейбір әлеуметтік желілерде әл-Бағдадидің өлгені жайлы хабарлар шықты. Онда «Бағдадидің өліміне қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар алдағы уақытта жарияланады. Ал ИСИМ-нің жаңа халифасы үшін үміткерлерді қысқа уақыт ішінде белгілейміз», – делінген.

«Telegraph» газеті ИСИМ-нің жаңа лидерін де таныстырып үлгерді. Бұл газет «келесі халифа Саддам Жамал» деп таныстырды. Газет Саддам Жамал жайында бұрын ИСИМ қолбасшыларының бірінің оққағары болған, кейін ИСИМ-нің жасаған тірліктері Ислам дініне кереғар екенін түсінген соң ол жерден қашып шыққан Абу Абдуллаһ есімді азаматпен сөйлесіпті. Ол Саддам Жамалдың қасында біраз уақыт бірге болғанын айтып, біршама ақпараттармен бөлісіпті. Оның айтуынша, Саддам Жамал бұрын есірткі саудагері болған көрінеді. Кейін Азат Сирия әскеріне қосылған. Соңында ИСИМ-нің құрамынан бірақ шыққан.

Десек те, Әбу Бәкір әл-Бағдадидің өліміне қатысты ақпараттың жалған екені жайында да әңгімелер бар. Жоғарыдағы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты ИСИМ содырлары жалғанға шығаруда. «Бұл АҚШ-тың Әл-Бағдадидің қай жерде екенін анықтау үшін әдейі шығарған жалған ақпараты» деп отыр ИСИМ содырлары.

3 пікір
  • Енди не болар екен!
    10 жыл бұрын
  • Мына "ИСИМ" деген АҚШ-тың тағы бір шығарған проектінің атауы ғой, Аль-Каида" т.б. типіндегі. Мына содырлар осыларға басшы ретінде тағайындап қойған елшілері. Ауғанстан, Ирак, Палестина, Сирия қашанға дейін жалғаса береді екен осы
    10 жыл бұрын
  • Алла Тағала елімізді әлемде болып жатқан неше түрлі бүліктерден сақтасын!!!
    10 жыл бұрын
Мұрағат