Вирустың пайда болуына қатысты гипотеза (жалғасы)
Вирустың пайда болуына қатысты гипотеза (жалғасы)
3 жыл бұрын 4166 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемедеhttps://islam.kz/kk/news/gylym/virustyn-paida-boluyna-qatysty-gipoteza-14412/#gsc.tab=0 

Ғалымдар әлі күнге дейін алдымен вирус па, әлде жасуша ма, қайсысының алғаш пайда болғанын білмейді. Бұл жайында islamkz порталының ғылыми-танымдық материалынан біле аласыздар.

Регрессивті. Қарапайымнан күрделіге

Жасуша ішінде риккесит деп аталатын паразит бар. Олардың генінің кейбір аймақтары адамда да кездесетін эукариоттық жасуша митохондриясының құрамында болатын ДНК-ге ұқсас келеді. Ұқсастығына қарағанда оның да, мынаның да тегі бір болуы мүмкін, алайда, «митохондрия желісінің» негізін қалаушы жасушаға жұққанда оны (кейбір гені) жоймай кездейсоқ цитоплазмада сақталып қалған. Нәтижесінде аталмыш бактерияның «ұрпағы» қажетсіз гендерден арылып, жасуша органелласы деңгейіне де деградацияланған (кері кеткен) – есесіне өзіне қажеттілерді ала отырып, оның орнына иесін АТФ молекуласымен (аденозинтрифосфат — жасушадағы көптеген биохимиялық реакция үшін энергиямен қамтамасыз ететін зат) қамтамасыз етіп отыр. Вирустардың да тегіне қатысты «регрессивті» гипотеза бойынша мұндай дегредацияға олардың да «ата-бабасы» ұшырауы әбден мүмкін. Осылайша толыққанды, дербес жасуша организімі болудан қалған. Бұл гипотеза таяуда ашылған жаңалықпен растала түскендей болды: алып вирустар – пандовирус немесе мимивирус турасында сөз болып отыр бұл арада. Аталған вирустар (мимивирус диаметрі - 750 нм, ал салыстыру үшін тұмау вирусының диаметрі 80 нм-нан аспайды) тек ірі ғана келмей, сонымен қатар, ұзын генге ие (бірнеше жүздеген кәдімгі вирустарға қарағанда мимивирустағы нуклеотид тізбегі (буын деп түсініңіздер – ред.) 1,2 млн-ға жетеді) – осылайша жүздеген ақуызды кодтай алады. Кодталатын ақуыздар арасында ДНК-ны репарациялауға («жөндейтін») және көшіруге, матрикалық РНҚ өндірісіне қажетті, т.б. ақуыздар кездеседі. Бұл паразиттер иесіне соншалықты тәуелді емес. Соған қарамастан, мамандардың топшылауынша, бұл айтылған деректер гипотезаны толық теорияға айналдыруға жеткіліксіз – алып вирустардағы «қосымша» гендер кейіннен иесінен алу арқылы қалыптасуы да мүмкін ғой. Әрбірден соң генетикалық кодқа ие болатындардың,тіпті, РНҚ-вирусының пайда болуына алып келетін деңгейге дейін дегредациялануын, бір жағынан, көзге елестету қиын, яғни, ақылғы сыйымсыз. Вирустардың шығу тегіне қатысты өзге де салмақты гипотезалар барын айта кетеміз. Ол туралы келесі тарауымыздан біле аласыздар.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат