Осы күнгі аурулардың 75% -ы жануарлардан келген
Осы күнгі аурулардың 75% -ы жануарлардан келген
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Зооноз (грекше. Zoonosis - мағынасы: жануарлардан адамға жұғатын инфекциялық ауру) жылдан жылға қатері артып келе жатқан факторлардың бірінен саналады. Дәлірегі, осы күнде адамға “тән” ауру түрлерінің 75% -ы жануарлардан келген. Бұған ең алдымен тұмса табиғат пен адамзат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болып отыр. Яғни, адамзат санының өсуімен байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету батығындағы шаралары, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері үшін тың өлкелерді игеру мақсатында орманды отау, жабайы жануарлардың етін тұтыну деңгейінің артуы, жаһандық жылыну процесі, т.б. себеп болып отыр. Зооноздық аурулардың адамзаттың қыр соңынан қалмай келе жатқанына кем дегенде 1000 жылдан асқан. Тағы жануарларды үй жануарларына айналдыру, қолға үйрету қадамынан басталады. Тұмау, дифтерия, шешек, безгек, бруцеллез, лептоспироз, сальмонеллез, туберкулез, трихинеллез, т.б. секілді жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім жылдан жылға көбейіп келеді. Пандемия тарихы бастан-аяқ зооноздық аурулармен байланысты. Бір ғана құс тұмауының өзі күллі әлемді күйретіп кете алады. Бұдан бөлек, құтыру вирусының өзінен жыл сайын күллі әлем бойынша жылына 60 мыңдай адам көз жұмады. Ал өлім-жітім көрсеткіші жағынан тек шешек (3 есе) пен тұмаудан (2 есе) төмен дегенімен кене энцефалитін жұқтырған 100 адамның 30-ы ажал құшады. Орташа есеппен.

Мәліметтер түүрлі дерек көздерінен алынды - ред. 

0 пікір
Мұрағат