Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай қоршаған ортаға ластаушы заттарды ең көп бөлетін көмірді тұтыну деңгейі бойынша жылына әлем тұтынатын мөлшердің жартысы тиесілі болғанына қарамастан жаңғыртпалы энергия көздерін дамытуда салыстырмалы түрде өзге мемлекеттерден оқ бойы озық тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BGR агенттігіне жөн сілтеген  Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы күн стансаларының ең ірілерінің бірі Тибет үстіртіндегі шамамен 420 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Гунхэ фотоэлектрлі паркі шөл даланы жасыл аймаққа айналдырып жатыр. Тіпті, осы өңірдегі Талатан күн паркі жергіліекті шаруалармен келісімге келіп, күн панелдері орналасқан аумақта мал жайылымы үшін пайдалануға рұқсат етіп отыр. Осылайша “бір оқпен екі қоянды атып алуға” болады: біріншіден, малға азық, екіншіден, күн панелдерін өсіп кетсе күн көзінен көлегелейтін шалғын шөптен құтылады. Күн көзінен көлегейленген күн панелдерінің энергия өндіру деңгейі төмендеп қана қоймай, сонымен қатар, күн панелдерінің күйіп кету қаупі артады. Қой өскен шөпті қырқып отыратын арнайы құралға қарағанда әлдеқайда тиімді: құрал тар жерде күн панелдеріне соғылып, сынып қалады. Мал жайылымы үшін күн панелдері пайдаланалытан жер жалғыз Тибетте ғана емес - 2018 жылы америкалық күн энергиясы қауымдастығы (ASGA) жергілікті фермелерге күн панелдері аумағында мал жаюға рұқсат берген. Десе де адам сирек баратын, иен жатқан шөл далаға бірыңғай күн панелдерін орнатудың экологиялық апатқа ұрындыратынын да жазғанбыз (қараңыз: Ғалымдар күн сәулесі мол түсетін шөл далада күн панелдерін орнатуға қарсы)

 

0 пікір
Мұрағат