Вегандар арасында сынық жарақатын алатындар қарасы көп әрі етті тұтынатындарға қарағанда ғұмыры қысқа болады
Вегандар арасында сынық жарақатын алатындар қарасы көп әрі етті тұтынатындарға қарағанда ғұмыры қысқа болады
3 жыл бұрын 8720 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британиялық ғалымдардың таяуда жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, етті аз тұтынатындар мен вегандар сүйегінің сыну қатері жоғары болады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Беделді Оксфорд университетінің ғалымдары анықтағандай, вегандардың 43 пайызы етті тұтынатындарға қарағанда сынықтан зардап шегеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында 1993-2001 жылдар аралығындағы EPI-Oxford зерттеуіне қатысқан 55 мың адамның аурулар тарихы мұқият зерделенген екен. Олардың диетикалық артықшылықтарын сараптаған. Өсімдік диетасын ұстанатындардың 59 пайызы дененің белгілі бір аймақтары бойынша, атап айтқанда, қабырға, омыртқа, т.б. сүйектері сынған. Қысқа қайырғанда, вегандардың етті тұтынатындармен салыстырғанда сынықтан зардап шегу қатері 2,3 есе артық болған. Вегандар құрамында сүйекке қажетті кальций кездесетін сүт өнімдерін тұтынбайды. Ғаалымдар осындай себептермен диета сақтайтындарға организмдегі балансты жоғалтып алмауға көмектесетін ас мәзірін таңдауға кеңес беріп отыр. Сәл бұрын осы тақырып төңірегіндегі тағы бір жаңалықта вегандарға қарағанда етті тұтынатындардың ғұмыры ұзағырақ болатыны жөніндегі зерттеу нәтижесі жарияланған еді. Дәлірегі, ресейлік «Бесінші арнаға» сұхбат берген диетолог дәрігер әрі нутрициолог Инна Кононенко осылай деп мәлімдеген еді. Маманнның айтуынша, организмнің тозуына екі көрсеткіш өз әсерін тигізеді: біріншісі – жалпы ұйқы артериясындағы тамыр қабырғасының қалыңдығы неғұрлым үлкен болған сайын кәрілік соғұрлым тез келеді. «Вегетариандар мен вегандардағы бұл қабырға қалыңдығы жұқа келеді етті тұтынатындарға қарағанда. Холестериннің көп мөлшерін тұтынбайтындықтан. Десе де етті тұтынатындар B12, D3, K2 дәрумендерін шектен тыс тұтынбаса, аталған кешеннің қалыңдығы артпайды»,- деп түсіндірген болатын дәрігер. Кәріліктің екінші маркерге, бұрын да айтып кеткеніміздей, жасушадағы «энергетикалық бекеттің» рөлін атқаратын митохондрия қызметі жатады. Оның қызметі неғұрлым ақсы болса, соғұрлым біз ұзағырақ өмір сүреміз. Маманның сөзіне қарағанда, вегетариандарда митохондрия қызметі нашар етті тұтынатындарға қарағанда. Өйткені, ет митохондрия қызметіне қажетті затты – л-карнитиннің қайнар көзі болып табылады. Тағы бір фактор бар: организмдегі ақуыздың синтезі – вегетариандар мен вегандар диетасынде аминоқышқылды жеткілікті деңгейде ала алмайсыз. Бір аминдік қышқылдың өзі жетіспесе, бұл денсаулыққа орны толмас залал келтіреді: әрбір нақты ақуыз нақты органикалық қосынды болғанда ғана ыдырап, сіңетін болады. Егер мұндай процесс жүрмесе, көп ұзамай адамның шашы мен тырнағы тез өсіп, көзінің көру қабілеті төмендейді, терісінің қызметі нашарлайы әрі қан тамырларының жұмысы баяулайды.

0 пікір
Мұрағат