Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
1 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Көміртегі мен ыстан әзірленген тыңайтқыш әдеттегі химиялық тыңайтқыштарға қарағанда астық түсімін арттыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Қытайдың экономиканы жоспарлау, реформалау және даму жөніндегі ұлттық комиссияға қарасты, алдыңғы қатарлы China Electric Power News мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша қоршаған ортаға мейлінше залалы аз тұйық экономика құру бағытындағы қытай компаниясының жетістігі климат дағдарысының одан ары тереңдеуіне жол бермейді әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде экологиялық зияны шаш-етектен химиялық тыңайтқышты алмастыра алады. Әдетте осы кнгі технология көмірқышқыл газын аулап, оны жерге көмуді ұйғарады. Десе де мұның да кем-кетіктері жетерлік: қалдықты кез келген жерге көмуге болмайды, арнайы геологиялық қыртысы сай келетін аумақ керек, оның үстіне, көмірқышқыл газынан аулаудан бастап, қалдықты жерге көму процесінің өзі қып-қызыл шығын. Jiangnan Environmental Technology (JNG) көмірді жағу кезінде пайда болатын күкірт диоксиді мен көмірқышқыл газын алу үшін аммиакты пайдаланып, содан кейін химикаттарды тыңайтқышқа айналдырудың басқа жолын таңдады. Бұл тыңайтқышты көміртекті аулауға кететін шығындарының орнын толтыру үшін сатуға болады. ХХ ғасырдың басынан бастап күкірт әктас және гипс әдісімен ауланды, алайда, осы процестің өзі көп мөлшерде қалдықтар шығарды. Кейіннен күкірт диоксидін аммоний сульфаты негізінде тыңайтқышқа айналдыра алатын аммиак процесі кеңінен қолданылатын болды. Енді JNG көмір электр стансасында күкірт пен көміртекті алу үшін аммиакты пайдаланып қана қоймай, артынан аммоний сульфаты мен аммоний бикарбонаты тыңайтқышқа айналады. China Electric Power News есебінде келтірілген есепке сәйкес бұл процесс өндірілетін көміртегінің шамамен 90 пайызын қамтуы мүмкін. 2025 жылдың тамыз айында Қытайдың шығысында орын тепкен Шенжиан провинциясындағы Нинбо көмір электр стансасында осы технологияны пайдалану жобасы басталды. Бірегей жоба бойынша жыл сайын 10 000 тонна CO2 ауланып, шамамен 30 000 тонна тыңайтқыш өндіріліп келеді. Нинбо ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы жүргізген 2025 жылғы зерттеу нәтижесі электр стансасы өндіретін тыңайтқыш күріштің өнімділігін 6,2 пайызға арттырғанын көрсеткен. Бұл мәліметті өзгеше жобаның жетекшісі Сун Гуанбин China Electric Power News ақпарат көзіне һаюарлаған екен. Бұл тараптағы зерттеу тыңайтқыш әдеттегі тыңайтқыштармен салыстырғанда қоршаған ортаға түсетін азот, фосфор және калий мөлшерін едәуір төмендететінін көрсетті. Жаңа тыңайтқыш, сондай-ақ, Германия, Франция, Испания, Италия және Бразилиядағы дақылдарда қолданылып, сынақтан өткізілген. Жоба аясында өндірілетін тыңайтқыштарға көшу өз кезегінде фермерлер пайдаланатын тыңайтқыштарының құнын 50 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Осы орайда көктемгі жер жырту, ауыл шаруашылық дақылдарын себу секілді науқандармен тұспа-тұс келген Таяу Шығыс аймағындағы қарулы қақтығыстан, дәлірегі, тыңайтқыштардың едәуір бөлігі өтетін Үрміз бұғазының бұғатталуы салдарынан әлемде ең көп пайдаланылатын азотты тыңайтқыш карбамидтің бағасы күрт өсіріп жібергенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат