|
Жапония экономикасына, қару-жарағына, технологиясына қажетті импорт бойынша «ауыр соққы алды»
|
Қытайдан Жапонияға табиғатта сирек кездесетін металдар экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80%-дан астамға құлдырап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған күншығыс елінің премьері Санаэ Такаитидің Тайуанға қатысты мәлімдемесіне қарымта ретінде Қытай тарапының шектеу саясаты себеп болып отыр. Дәлірегі, Қытай билігі осы жылдың қаңтар айынан бастап қос мақсатта пайдалануға болатын әскери-азаматтық тауарлар экспортына шектеу қойды. Жапон компаниялары бұл шектеулерді табиғатта мирек кездесетін минералдар қорын пайдалану, жеткізу тізбектері мен қайта өңдеу салаларын әртараптандыру арқылы еңсеруге талпынып келеді. Nikkei Shimbun дерек көзінің мәліметіне қарағанда, Қытайдан Жапонияға табиғатта сирек кездесетін элементтердің жеті түрінің экспорты қаңтар-сәуір айлары аралығында жылына экспортталатын мөлшерге шаққанда 34% -ға төмендеді. Наурызда құлдырау 88%-ға жетсе, ал сәуірде - 82%-ды құрады. Электрмен жүретін көлік пен медициналық жабдықтарда қолданылатын диспрозия қаңтар айынан бері Жапонияға экспортталмаған. Лазерлік құраалдарда, жартылай өткізгіш жабдықтарда және аэроғарыш саласында ыстыққа төзімді материал ретінде пайдаланылатын иттербидің экспорты да 90% -дан астамға төмендеді. Жапония 2010 жылы Сенкак дауы кезінде Қытайдың табиғатта сирек кездесетін элементтеріне тәуелділігін 90% -дан 60% -ға дейін азайтты. Алайд,а ол бұрынғысынша диспрозия және иттербия сияқты ауыр жер элементтеріне тәуелді. Қытай билігі 2010 жылғы шектеулер кезінде реттелмеген «үшінші елдер арқылы жанама импортты» да бұғаттап отыр. Жапон компаниялары қорлар мен қайта өңдеу арқылы қытайдың табиғатта сирек кездесетін жер элементтеріндегі алшақтықты еңсеріп, бір мезгілде Австралия мен Үндістан сияқты өндірушілерге көшуді жеделдетуде. Кейбір компаниялар жанама әдістерді қолданады, мысалы, Қытайда компоненттерді шығарады және оларды Жапонияға экспорттайды.