|
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты
|
Таяуда Тибет үстіртінен кварцтың табиғатта аса сирек кездесетін түрі табылды. Мұндай табиғи қазба күн панелдері мен жартылай өткізгіштер өндірісінде пайдаланылады. Қытайдың бұл кеніші Америка құрама штаттырының осы саладағы үстемдігін тежейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай өзінің батыс Тибет автономды аймағында таза кварцтың жаңа көзін тапты. Стратегиялық маңызы зор әрі ұлттық қауіпсіздік үшін баға жетпейтін кеніш өз кезегінде Қытайдың күн панелдері мен жартылай өткізгіштер өндірісі үшін аса маңызды материалдардың импортына тәуелділігін төмендетеді. Таза кварц көптеген заамануи технологиялық бұйымдарды өндіру үшін алтын стандарт ретінде алға шығады. Қытай маңызды материалды алу үшін импортқа иек артып келген еді осы уақытқа дейін, оның басым бөлігі сирек кездесетін кварц үшін ішкі көздердің жоқтығынан АҚШ-тан импортталатын. «Бұл тараптағы зерттеу тибеттік лейкограниттерді таза кварц үшін әлеуетті шикізат етеді», - дееп айтылған European Journal of Mineralogy мерзімді басылымында жарияланған мақалада. «Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл лейкогранит құрамында 99,995 пайыздан астам [кремнезем] бар таза кварц пайда болуы үшін айтарлықтай әлеуетке ие», - деп жазды Қытай ғылым және технология университеті мен Қытай геологиялық қызметі. Тибеттік лейкогранит - негізінен кварцтан тұратын гранит түрі; жердің құрлық қыртысындағы таралуы жағынан екінші орында тұрған минерал. Ең аз дегенде 99,9 пайыз таза кремнеземді қамтитын таза кварцты табу әлдеқайда қиын. Термолық төзу (ыстыққа төтеп беру) және коррозия (тозбайтын) қасиеттеріне, сондай-ақ, оқшаулайтын және ысып кетпейтін ерекшелікке ие бола отырып, ол күн панелдерін күн сәулесіне, сонымен бірге, электроника, оптикалық компоненттер, күн панелдері мен компьютерлік чиптер өндірісінде қолданылатын кварц тигелдерін энергияға айналдыруға мүмкіндік беретін поликремнилік материал өндіру үшін дамушы салалар мен шикізат үшін негіз ретінде пайдаланылады. Таза кварц әлемде өте сирек кездеседі. 2025 жылы Қытайдың табиғи ресурстар министрлігі тазалығы жоғары кварцты 2020 жылы Хэнан провинциясында, ал 2021 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өндіру үшін алғашқы кен орны табылғаннан кейін елдің 174-ші минералына жатқызды.