Ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісі аталды
Ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісі аталды
2 ай бұрын 13848 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түрлі зерттеулер барысында ғалымдар ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісін атады. Бұл жайында «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігі мәлім етті. Атап айтқанда, бұл бес белгіге мыналар жатқызылған: қан құрамындағы темір деңгейі; генетика (тұқым қуалау); адамның жынысы: көзқарасы мен дүниетанымы; білім деңгейі.

 1. Темір дәлелі 

Ағылшын және неміс ғалымдары тұжырымдағандай, қан құрамында темір деңгейі жоғары болса, адамның ғұмыры қысқарады. Егер осынау микроэлементтің деңгейі организмде қалыпты болса, керісінше организмнің қартаюы баяулайды. Ашық дерек көзі болып табылатын халықаралық базадан алынған генетикалық мәліметтердің сараптамасы көрсетіп бергендей, темір метаболизмі – ұзақ ғұмыр мен қарттық кезіндегі саулықтың кепілдігі.

 2. Ата-ана факторы 

2015 жылы америкалық және италиялық мамандар жасы 100-ден асқан 800 адамның және жасы 90-нан асқан бес мың адамның денсаулығына қатысты деректерді зерделей келе ұзақ ғұмыр сүрудың төрт генін анықтады. Арада төрт жыл өткен соң халықаралық ғалымдар тобы адамның ұзақ ғқмыр сүруіне ықпал ететін 12 ген учаскесін тапты. Десе де қандай да бір генетикалық ауытқу эффектісі адамның жасына қарай орын алып отырады – кейбіреулерге жас кезінде қауіп төндірсе, енді біреулер үшін 60-70 жастан соң қатер төндіреді.

 3. Жыныстық айырмашылығы 

Адамның ғұмыры жынысына көп тәуелді: сүтқоректілердің барлығында салыстырмалы түрде, орташа есеппен алғанда ұрғашылар ұзағырақ өмір сүреді еркектерге қарағанда. Неміс және дат ғалымдары ең бір қиын-қыстау кезеңдердегі әр елдің демографиялық ахуалын талдаған болатын: құл саудасы қарқын алған Тринидад аралы, шешек індеті шарпыған Исландия, аштық жайлаған Швеция, Ирландия, т.б. Барлығында да әйелдер ерлерге қарағанда ұзағырақ ғұмыр сүрген. Ғалымдардың тұжырымы бойынша ерлер тестостероннен зардап шегеді, дәлірегі, иммундық жүйесі бұзылады. Ал әйелдер бойындағы эстроген жыныстық гормоны керісінше әсер етеді: организмнің қабынуына қарсы тиімді күреседі.

 4. Ішкі және сыртқы факторлар 

Америкалық медиктер 500-дей ер адам мен шамамен 70 мың әйелдің мәліметтерін зерделеп, сараптай келе – арнайы тест арқылы анықтап, өмірге сергек қарайтын оптимистердің 11-15 пайыз ұзағырақ өмір сүретініне көз жеткізді. Көңіл күйі көтеріңкі жүретін, өмірдің көптеген қиындығына мойымайтын адамдар жүрек-қан тамыр ауруларына сирек ұшырайды. Бұдан бөлек, оптимистер әдетте саламатты өмір салтын ұстанып, адамның мезгілсіз қартаюына, ерте өмірден озуына себеп болып жататын жат әдеттерден бойларын аулақ салады.

 5. Білім факторы 

Адамның ұзақ ғұмыр сүруіне оның интеллектуалдық деңгейінің сөзсіз әсері барын жасырмайды халықаралық ғалымдар тобы. Яғни, адам неғұрлым көп білсе, соғұрлым ұзағырақ өмір сүруіне мүмкіндік бар. Молекулярлы-генетикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, тұқым қуалайтын интеллектуалдық деңгей 20 пайыздан 60 пайызға дейін адамның ұзақ өмір сүруіне өз әсерін тигізбек. 

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат