Адамның ойы мен жадысын ұрлайтын хакерлер шығады
Адамның ойы мен жадысын ұрлайтын хакерлер шығады
2 ай бұрын 820 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа технологияның артықшылықтарымен қатар адамға қауіпті тұстары да жетерлік. Neuralink компаниясы адам миын имплантат арқылы компьютермен байланыстыру жолдарын іздеп, жоспарын құрып жатыр. Ал сарапшылар бұл бастаманың түбі шикі екенін ескертіп отыр. Неге десеңіз, мұндай чиптер арқылы адамның ойы мен жадысын компьютер қарақшылары оп-оңай қолды қыла алады. Дәлірегі, «ми-компьютер» интерфейсіне (BCIs) қол жеткізген кибер қылмыскерлер сіздің ойыңызды оқып, жадыңызға үңіліп қоймай, әдеттеріңізді жоя алады. Сол себепті, мұндай жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Әйтпеген жағдайда бұл тек жеке адамның ғана емес, сонымен қатар, ел қауіпсіздігі мен стратегиялық маңызы зор салаларда жұмыс істейтін жекелеген тұлғалардың ойы мен жадысын қарақшылық жолмен пайдалану арқылы тұтас ұлтқа қастандық жасалып, мемлекеттік құпиялар қолды болуы мүмкін. Уотерфорд технологиялық институтының ғалымы Саситаран Баласубраманиам (Sasitharan Balasubramaniam) оның тек ақпарат қауіпсіздігі ғана емес, сондай-ақ, жекелеген тұлғалардан бастап, тұтас қоғам қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат