Тілінген, жарақат алған, күйген терінің қалпына келу процесі
Тілінген, жарақат алған, күйген терінің қалпына келу процесі
3 жыл бұрын 3032 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Шетінен ортасына қарай – терідегі зақымдалған жерді жаңа жасушалар осылай толтырады. Аталмыш процестің физикалық және химиялық қырлары туралы аз-кем сөз етпекпіз. Бұл жайында islam.kz порталы интернет материалдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тері жасушалары зақымдалған жерге тап болу үшін қандай бағытпен жылжу керектігін әрі жаңа жасуша қалыптастыру үшін қай уақытта бөліну керектігін қалай есте сақтайды? Егер саусағыңызбен екінші қолыңыздың білек үстінен иыққа дейін батыра тартсаңыз, қызарған жолақ пайда болады – міне, сау терідегі жасушалар да осындай заңдылыққа бағынады. Жасушалар бір бағытқа қарай өздігінен жылжи отырып, «жүрген жерінде» тығыз жинала береді.Алайда, мұндай «саяхат» ұдайы бола бермейді – көрші жасушалар оларды өзіне қарай тартып әкетуі мүмкін. Тері жасушаларында асуша жылжығында белсенділігі оянатын ақуыз бар. Аталмыш ақуыздың белсенділігі біршама кешігіп барып оянатындықтан тері жасушалары өзінің әу бастағы орнынан баяу жылжиды. Тері жасушаларының жаппай (ұжымдасып) жылжуына жақын маңда пайда болған жарақат себеп болады. Мұндай жағдайда механикалық толқын орын алады – тығыз жасушалар жарақатқа қарай кезектесіп жылжитын болады. Механикалық толқынның артынан ақуыз белсенділігінің оянуына байланысты химиялық толқын жүреді. Химиялық толқын жасушаға жарақатқа қарай жылжығанда орын алғанда жетеді. Бұл сәтте ақуыздар жасушаның жылдамдығын арттырады. Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Терінің зақымдалған  жерінің қалпына келу процесін білу арқылы терідегі жарақаттың жазылу тетігін түсінетін боламыз: жасушадан жасушаға сигналдың жасуша қозғалысы арқылы берілетінін әрі жасушаның бұл қозғалысы оның органоидтеріндегі химиялық өзгерістермен байланысты өрбитінін білеміз дәлірегі.

0 пікір
Мұрағат