Теріні қалпына келтірудің жаңа тәсілі пайда болды
Теріні қалпына келтірудің жаңа тәсілі пайда болды
3 жыл бұрын 2863 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Манчестер университетінің ғалымдары терінің зақымдалған жерін қалпына келтірудің тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы academic.oup.com  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Медициналық зерттеу кеңесі мен Хельмут Хортен қоры қаржыландырған ғалымдар тобы ДНҚ-ның белгілі бір бөліктерінің адам терісі жасушаларының бөлінуін жақсартатынын анықтады. Дәлірегі, ДНҚ-ны байланыстыратын ақуыздар тері жасушаларының табиғи  жолмен бөліну процесін күшейтетіні белгілі болған. Қалыпты жағдайда терінің ішкі қабатынан шыққан жасушалардың әрбір төртіншісі бөлінеді. Ғалымдар бұл процесті 20-25%-ке арттыра алған екен. Бұған қалай қол жеткізді? Бұған қазіргі уақытта терінің, буынның және өзге де ағзалардың қалпына келуін жақсартуда пайдаланылатын молекулалардың арқасында қол жеткізген. Бұл тарапта ғалымдар брокколи мен брюсселдік капуста құрамында кездесетін сульфарафан қосындысын пайдаланған. Сульфорафан жасушаның бөлінуін бақылайтын ДНҚ-ның белгілі бір аймақтарымен транскрипция факторын (көшірілуін) байланысты күшейтеді.

Ұқсас материалдар: 

«Тілінген, жарақат алған, күйген терінің қалпына келу процесі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tilingen-jaraqat-algan-kuigen-terinin-qalpyna-kelu-protsesi-15198/#gsc.tab=0);

«Күйікті емдеуге арналған тапанша» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kuiikti-emdeuge-arnalgan-tapansha-video-14670/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат