Сыртқы қысым мен қысымның жоғалуына байланысты түсін өзгертетін материал жасалды (видео)
Сыртқы қысым мен қысымның жоғалуына байланысты түсін өзгертетін материал жасалды (видео)
3 жыл бұрын 3248 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа материал сыртқы қысым мен қысымның жоғалуына байланысты түсін өзгерте алады. Бұл бағытта ізденген ғалымдар табиғаттан үлгі алып, өздерінің ғылыми ізденісінде қолданған. Дәлірегі, ғалымдар түсін ортасына қарай құбылтатын хамелеон терісінің құрылымын зерттей келе жасанды құрылымда оның тетіктерін қолданған екен. Дәлірегі, сыртқы қысым мен қысымның жоғалуына, ылғалға қарай өзгеретін икемді пленка жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған ACS Applied Materials & Interfaces мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын да мамандар бұл бағытта хамолеон терісінің құрылымын қайталайтын материалдар жасап көруге талпынғанымен оны өндірісте қолдана алмаған еді. Бұл жолы олар шұғылалы құрылымдық түстерді қамтитын пленкада өздігінен ұйымдаса алатын жаңғыртпалы материалға – целлюлоздың нанокристалындағы технологияны қолданып көрді. Целлюлоза наноккристалының икемділігін арттыру үшін PEGDA полимерін және қосты әрі стержнді нанокристалдармен үйлесуі үшін ультракүлгін жарықты пайдаланды. Осылайша PEGDA мөлшеріне қарай көк түстен қызыл түске дейін құбыла алатын ашық та шұғылалы түстерді қамтитын пленканы жасауға қол жеткізді. Пленка икемді болумен қатар мықты – бастапқы ұызныдығынан 39%-ға дейін созыла алады.

«Ақылды» наномата вирус пен бактерия тап болғанда және температураға қарай түсін өзгертеді (видео)

Вирджиния достастығы университетінің химиялық инженерия мен өмір туралы ғылым инженерия кафедрасының доценті, философия докторы Кристина Тан вирус тап болғанда немесе температураға қарай түсін өзгерте алатын наномата жасаудың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалым мұндай жетістікке талшықтағы сұйық кристалдарды айналдыру арқылы қол жеткізіп отыр. Әсіресе, бүгінгідей жұқпалы індет жайлаған тұста мұндай матаның маңыздылығы зор екенін айтпасаң да белгілі. Кристина Тан бастаған ғалымдар электрмен жұмыс істейтін айналдыру дөңгелегін (прялка) пайдаланды. Ол материалды генерациялаған кезде талшыққа тартылып, жаймаға таралады. Былайша айтқанда, саптамадан материал пайда болады, содан кейін оны талшыққа тартады және жаймаларға орайды.Полимерлі наноматериал нейлон немесе полиэтилен секілді пластиктен жасалады. Бұл материалды киім тіккенде пайдалануға болады

 

0 пікір
Мұрағат