Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі пайда болды
Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі пайда болды
7 ай бұрын 974 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия ұлттық университетінің (ANU) ғалымдары тұзды суды тұшшыландырудың болашағы зор, жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Австралия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тәсілдің ең басты тиімділгі - су тұшшыландыру процесін арзандатады және әлемнің құрғақшылық жайлаған аймақтарындағы су тапшылығын шешуге көмектесуі мүмкін. Бұл бағыттағы технология термиялық диффузия құбылысына негізделген, оны швейцариялық ғалым Чарльз Сореттің атымен «Сорет эффектісі» деп те атайды. Сорет эффектісі сұйықтықтың құрамындағы компоненттер ыстық аймақтан суық аймаққа ауысатындығымен байланысты өрбиді немесе қалыптасады, сондықтан ыстық аймақта бұл компоненттердің концентрациясы (шоғырлану деңгейі төмен) аз болады. Әдетте аталмыш процесс ұзақ уақытты алады, десе де ғалымдар суды диаметрі миллиметрлік көптеген арналар арқылы өткізуді (айдауды) ұйғарды, мұндай амал аталған әсердің пайда болу уақытын бірнеше минутқа қысқартқан. «Түтік арқылы су өткен сайын тұздылық деңгейі үш пайызға төмендейді. Зерттеу нәтижеміз көрсеткендей, осы циклдің көптеген қайталануынан кейін теңіз суындағы тұз мөлшері миллионға 30 мың бөліктен (заттардың концентрациясының өлшем бірлігі) 500-ден (тұщы су үшін шекті мән) дейін төмендеуі мүмкін», деп жазды атап өтті осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Сүй Шук. Суды тұщыландырудың ең көп тараған немесе қолданылатын әдістердің бірі - энергияны көп қажет ететін мембраналық сүзгі; бұл технология қымбат материалдарды пайдалануды және тұрақты техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл технология халық санының өсуі мен климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сипат алатын су тапшылығы мәселесін шешуге қауқарсыздық танытады. Жаңа әдіс қыздыру арқылы жұмыс істейді, ол күн энергиясын немесе кондиционер сияқты түрлі құрылғылардың артық жылуын пайдалана алады. Ғалымдар құбырдың бір бөлігін сумен 60 градусқа дейін қыздырып, екіншісін минус 20 градусқа дейін салқындату арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ғалымдар алғашқы коммерциялық прототиптің сегіз жыл ішінде дайын болатынын алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Бұрынғыларына қарағанда суды 2400 есе тез тұшшыландыратын тәсіл пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/buryngylaryna-qaraganda-sudy-2400-ese-tez-tushshylandyratyn-tasil-paida-boldy-16792/#gsc.tab=0);

«30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/30-minuttyn-ishinde-tuzdy-sudy-tushshy-suga-ainaldyratyn-tehnologiya-jasaldy-14149/#gsc.tab=0);

«Суды күннің шуағымен тұшшыландырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-kunnin-shuagymen-tushshylandyrady-12232/#gsc.tab=0);

«Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/siyr-konimen-sudy-tushshylandyru-tasili-paida-boldy-15931/#gsc.tab=0);

«Суды тұшшыландырудың инновациялық тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-tushshylandyrudyn-innovatsiyalyq-tasili-tabyldy-13979/#gsc.tab=0);

«Cуды тазартудың магниттік технологиясы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/cudy-tazartudyn-magnittik-tehnologiyasy-paida-boldy-video-19054/#gsc.tab=0);

«Суды нанопластиктен тазарту технологиясы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/sudy-nanoplastikten-tazartu-tehnologiyasy-paida-boldy-20013/#gsc.tab=0);

«Суды қауіпті заттардан тазартудың арзан әрі тиімді әдісі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-qauipti-zattardan-tazartudyn-arzan-ari-tiimdi-adisi-paida-boldy-18648/#gsc.tab=0);

«Cуды аммиактан тазартудың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/cudy-ammiaktan-tazartudyn-adisi-tabyldy-16728/#gsc.tab=0);

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Суды «суықтай қайнату» әдісімен тазарту» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-suyqtai-qainatu-adisimen-tazartu-15003/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Ең лай судың өзін бір түймені басумен тазартатын құрылғы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/en-lai-sudyn-ozin-bir-tuimeni-basumen-tazartatyn-qurylgy-jasaldy-video-19015/#gsc.tab=0);

 «Салмағы 10 келіден аспайтын су тұшшыландыру қондырғысы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/salmagy-10-keliden-aspaityn-su-tushshylandyru-qondyrgysy-video-16718/#gsc.tab=0);

«Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/siyr-konimen-sudy-tushshylandyru-tasili-paida-boldy-15931/#gsc.tab=0);

«Арабтар ерледі: кәдімгі көмір арқылы адамзатты су тапшылыған құтқаратын технология ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-erledi-kadimgi-komir-arqyly-adamzatty-su-tapshylygan-qutqaratyn-tehnologiya-oilap-tapty-16031/#gsc.tab=0);

«Ауадан тұшшы суды тез алуға мүмкіндік беретін гидрогел пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-tushshy-sudy-tez-aluga-mumkindik-beretin-gidrogel-paida-boldy-16489/#gsc.tab=0);

«Ауадан органикалық кристалдар көмегімен тұшшы су алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-organikalyq-kristaldar-komegimen-tushshy-su-alyndy-18308/#gsc.tab=0);

«Тұманнан таза су алу технологиясы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/tumannan-taza-su-alu-tehnologiyasy-paida-boldy-19058/#gsc.tab=0)^

«Ауадан су өндіру технологиясы пайда болуы мүмкін немесе тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-su-ondiru-tehnologiyasy-paida-boluy-mumkin-nemese-tushshy-su-tapshylygynyn-aldyn-aludyn-jana-adisi-tabyldy-17928/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат