Салмағы 10 келіден аспайтын су тұшшыландыру қондырғысы (видео)
Салмағы 10 келіден аспайтын су тұшшыландыру қондырғысы (видео)
2 жыл бұрын 1587 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары салмағы 10 келіден аспайтын, яғни, көлемі бір шабадандай болатын портативті су тұшшыланыру қондырғысын құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Environmental Science and Technologyт мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қондырғы ион концентрациясының поляризациясы (ICP) және электродиализ деп аталатын техникаларды ұштастырып отырып жасалды. Қондырғы екі сатылы ICP процесін қамтиды, онда су бірінші кезеңде алты модулден, содан кейін екіншісінде үш модулден, соңында бір электродиализ процесі өтеді. ICP процесінде су арнасы тұз молекуласын, бактериялар мен вирустарды қоса алғанда оң және теріс зарядталған бөлшектерді кері қайтаратын мембраналар арасында орналасқан. Бұл сатыда ерітілгені бар, қаттысы бар бөлшектер жойылады. Десе де ICP арна ортасында қалқып жүрген тұздардың бәрін жоя алмайды. Сол себепті, ғалымдар қалған тұз иондарын жою үшін электродиализ деге атпен белгілі екінші процесті енгізді. Ғалымдар ICP және электродиализ модульдерін автоматты тұщыландыру және тазарту процесін бастау үшін бір түймесі бар портативті құрылғының ішіне орналастырады. Судың тұздылығы мен бөлшектердің мөлшері шекті мәнге дейін, яғни, белгілі бір деңгейде азайғанда, құрылғы судың ішуге жарамды екенін өзі хабарлайды. Ғалымдар, сондай-ақ, қондырғыны сымсыз басқаруға мүмкіндік беретін әрі нақты уақыт аралығында судағы тұз мқлшері мен тұтынылған энергия мөлшері туралы деректерді хабарлайтын смартфон қосымшасын да әзірледі. Аталмыш қондырғы ауызсу тапшы шалғай өңілер мен аралдарда немесе кемелерде тұшшы су алуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат