Суды тұшшыландырудың инновациялық тәсілі табылды
Суды тұшшыландырудың инновациялық тәсілі табылды
4 жыл бұрын 2541 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның Монаша университетінің ғалымдары энергия үнемдеуде тиімділігі жоғары тұзды суды тұшшыландыратын тың әдіс ойлап тапты. Онда жарыққа аса сезімтал арнайы адсорбент (металды-органикалық каркас құрылымы (MOF) мен кәдімгі күн сәулесі) пайдаланылады. Ғалымдар құрастырған МOF - «PSP-MIL-53» теңіз суы мен кермек судың тұзын сіңіріп, оны бар-жоғы 30 минут ішінде тұшшы суға айналдырады. Аталмыш тәсіл күніне MOF –тың әр келісіне шаққанда 139.5 литр су өндіруге мүмкіндік береді. MOF-тың кристалын қайыра пайдалану үшін қалпына келтіруге болады – яғни, күн сәулесінің әсеріне әр төрт минут ұшыраған сайын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен стандартқа сәйкес сапасы жоғары ауыз суы TDS деңгейіне ие болады, дәлірегі, литріне 600 мг көрсеткішіне ие болады. Яғни, жалпы минералдану көрсеткіші: <600 мг/литр. Ғалымдар бұл тәсіл арқылы айналдырған 30 минут ішінде TDS <500 мг/литр көрсеткішіне қол жеткізе алды. Сөз орайы келгенде айта кету керек: бүгінгі таңда күллі әлемде ондаған млн адам таза ауыз суына зар болып отыр. Ал әлемдегі тұшшы су қоры 2,5 пайыздан аспайды. Сол себепті, ғалымдардың бұл жаңалығы әрі өзекті әрі маңызды. «Күн сәулесі – жердегі кеңінен тараған жаңғыртпалы энергия көзі. Кристалды қалпына келтіру үшін күн сәулесін пайдалана отырып, сіңіру негізінде суды тұшшыландырудың тың процесі энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз»,-  деді аталмыш зерттеу жетекшісі Хуантин Ван. MOF — металл иондарынан тұратын гибридті материалдар тобы. 

0 пікір
Мұрағат