Cуды аммиактан тазартудың әдісі табылды
Cуды аммиактан тазартудың әдісі табылды
3 жыл бұрын 2014 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы суды улы заттан 100% тазартудың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Райса университетінің, Аризона штатының жоғарғы оқу орнының жәнн Тынық мұхиты солтүстік-батыс зертханасының ғалымдары ағынды судан аммиак пен қатты аммиакты тиімді жолмен 100% жоятын катализатор жасады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, процесс 2000 промилледегі нитраттарды аммиакқа айналдырады, содан соң аммиактық өнімдерді жинауға қатысты газбен тазарту процесі жүреді. Қалған азот осы процедурадан соң ішуге жарамды, яғни, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеп бекіткен деңгейге дейін азайтылады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Пен Ианг Шен есімді магистранттың айтуынша, ғалымдар суды енитрификациялаудың толық процесін жүргізген, осылайша суды басқа ластаушы заттардан ары қарай тазарту арқылы өндірістік ағынды суларды қайтадан ауыз суға айналдыра алады. Бұл бағыттағы зерттеу жылына 170 миллион тоннадан астам аммиак өндіру үшін энергияны көп қажет ететін процестерге тәуелді салалар үшін тиімді процестерге перспективалы балама болатынын анықтады.

0 пікір
Мұрағат