Арабтар ерледі: кәдімгі көмір арқылы адамзатты су тапшылыған құтқаратын технология ойлап тапты
Арабтар ерледі: кәдімгі көмір арқылы адамзатты су тапшылыған құтқаратын технология ойлап тапты
3 жыл бұрын 4172 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі барланған көмір қоры әлі бірнеше ғасырға молынан жетеді, алайда, оны тұтыну немесе пайдалану қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретіндіктен пайдасынан гөрі зияны басым энергетикаға айналдырып отыр. Адамзат осы көмір және өзге де қазбалы отын түрлерінен жаһандық жылынудың зардабын тарта бастады, соның бірі – су тапшылығы. Енді осы қоршаған ортаға зиянын тигізіп келген энергетиканы қоршаған ортаға пайдалы етіп «түрлендіруге» болатынын араб ғалымдары көрсетіп берді. Саудиядағы корол Абдолла атындағы ғылым және технология университетінің ғалымдары көмір арқылы күллі адамзатты судан тарықтырмайтын технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы discovery.kaust.edu.sa ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технологияның негізінде «көмірге айналған сығымдалған ұнтақ» жатыр – көмірді ұсақтап, артынан ұнтағын қатты брикетке айналдыру тәсілі турасында сөз болып отыр. «Көмірге айналған сығымдалған ұнтақтың» екі салмақты артықшылығы бар: жоғары кеуектілік және сіңіру аймағы, сонымен қатар, оны қалауыңша белгілі бір пішінге келтіре аласыз. Саудиялық ғалымдар оны мақта талшығымен біріктіріп, жаңа су тұшшыландыру қондырғысының негізгі компонентін жасай алды. «Көмірге айналған сығымдалған ұнтақ» блогы оның көлемінен 1,5 есе көп теңіздің тұзды суы құйылған контейнерге орналастырылған, ал блоктың жоғарғы жағы су бетінен шығып тұрады. Ол қара түсінің есебінен күн сәулесінен шапшаң жылиды, сонымен бірге, суды сіңіріп, сіңірілген су талшықтар арқылы жоғарғы блокқа өрлейді. Онда су ысыған блоктан буға айналып ұшады әрі күмбез қабырғада тамшыға айналады, тамшы су жинайтын орынға құйылады. «Көмірге айналған сығымдалған ұнтақ» блогында жиналып қалған теңіз тұзын сол теңіз сумын шайып кетіреді. Ғалымдардың есебінше, аталған қондырғыдағы судың булану жылдамдығы осы заманғы суды тұшшыландыру жүйелеріне қарағанда екі есе шапшаң болмақ, ал осы технология бойынша су тұшшыландыру процесі осы заманғы жүйелерге қарағанда үш есе арзанға түспек. Қазіргі уақытта араб ғалымдары нидерландылық PERA компаниясымен бірігіп, бұл технологиясын Бразилиядағы тұзды суды тұшшыландыру стансасында сынақтан өткізетін құрылыс жобасын әзірлеп жатыр.

0 пікір
Мұрағат