Суды «суықтай қайнату» әдісімен тазарту
Суды «суықтай қайнату» әдісімен тазарту
3 жыл бұрын 2766 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар қытайлық әріптестерімен бірігіп, өнеркәсіпте пайдаланылған арық суын экологиялық жолмен тазартудың әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы iopscience.iop.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология негізінде кавитация жатыр.

Кавитация — суда қысымның күрт түсіп кетуінен көпіршіктің пайда болуы. Бұл процесс кезінде су молекулалары ыдырап, оттегі мен аса қуатты тотықтырғыш затқа айналатын сутегі тотығы бөлінеді. Нәтижесінде су залалсыздандырылып, микробтар мен бактериялар жойылады, ал мыс, темір немесе никел секілді ауыр металдар тұнба секілді шөгеді, артынан оны судан оңай бөліп алуға болады. Бұдан бөлек, көпіршіктер құлаған кезде көп энергия бөлінеді, оны өз кезегінде суды тұшшыландыру үшін пайдалануға болады. Суды «суықтай қайнату» тәсілі қосымша сүзгіні немесе реагентті қажет етпейді.

0 пікір
Мұрағат