Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен
Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен
2 жыл бұрын 1487 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швед және швейцариялық ғалымдар жауын суындағы «мәңгі химикаттар» концентрациясын өлшеп көрген екен әрі күллі әлем бойынша қауіпсіз деңгейен көп асып кеткенін  анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы EcoWatch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мәңгі химикаттар» (PFAS) — қолмен, яғни, жасанды жолмен синтезделетін 4,7 мың заттар тобы. Олардың ең кеңінен тараған әрі көп қолданылатыны – тефлон. Оны киімді, тағам қаптамасын бояуда, сондай-ақ, опа-далап жасауда, өндіріске арналған, су өткізбейтін, лай жұқтырмайтын жабындыларды жасауда пайдаланады. PFAS адам организіміне тап болса, қатерлі ісік, бауыр, қалқанша безінің аурулары қатерін арттырып, гормон қызметіне кедергі келтіреді, бұдан бөлек, жаңа туған шараналарда ауытққу тудырады. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, тек арық және жауын сулары ғана емес, сонымен қатар, топырақ құрамында мәңгі химикаттар концентрациясы жоғары. Енді қауіпсіз деңгейге қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді мамандар.

0 пікір
Мұрағат