Сириялық босқын тегін электр энергиясын алу жолын тапты (видео)
Сириялық босқын тегін электр энергиясын алу жолын тапты (видео)
4 жыл бұрын 8890 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде Сириядағы өзі де тұратын босқындар лагерін электр энергиясымен қамтамасыз еткен егде тартқан сириялықтың тапқырлығына риза болып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы араб ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әуесқой физик бұл тәсілда тапқанша лагердегі босқындар көз байлана шырақ жағып амалдайтын. Оның айтуынша, электр энергиясын алу үшін алдын ала тазартылған топыраққа су мен сілті қышқылын белгілі бір пропорцияда үстеу керек. Содан соң жердегі сыйымдылықтың ішіне графит таяқшасын орналастыру керек. Одан кейін мұндай таяқшаны өзара сыммен жалғау керек – электр кернеуін тудыру үшін. Осылай деген ол мұндай канистрлердің ондаған жұбының көмегімен босқындар лагерін екі жылға дейін тегін жарықпен қамтамасыз етуге болатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат