Қауын сан-алуан сырқатқа шипа
Қауын сан-алуан сырқатқа шипа
9 жыл бұрын 19837 Baq.kz

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп.

Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие: қауын құрамында қанттың мөлшері көп. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, асқазанға пайдасы зор. Беттегі безеуді, секпілдерді кетіруге көмектеседі. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады.

Қауынның дәнін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларына және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолданған. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы пайдаланған.

1. Қауын – төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
2. Сонымен қатар ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.
3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы.
4. Бүйректен тас пен құм шығарады.
5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.
6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады.
7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады.
8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
9. Жазда шөлге жақсы.

Қауынды қалай таңдау керек?
Жақсы қауынның сабағы қалың болады. Ал қауынның піскендігін білу үшін сабағына қарама-қарсы беттегі қыртысын басып көру керек, шала қауынның сол тұстағы қабығы– қатты, ал піскен қауынның қабығы – басқан кезде аздап басылып, жұмсақ екендігі байқалып тұрады.

0 пікір
Мұрағат