Қарт мұсылман қажылыққа қаржыны өз аяғымен тапты
Қарт мұсылман қажылыққа қаржыны өз аяғымен тапты
9 жыл бұрын 2964 Жанындағысы жұбайы

Үндістанда рикшамен (аттың орнына адам жегілетін көлік түрі – ред.) жолаушыларды жетер жеріне жеткізіп салушы қарт мұсылман талай жыл аяғынан таусылып жүріп, қажылыққа қажетті қаржыны жинап алды. Өз аяғымен, өз маңдай терімен. Қасиетті сапарға аттану үшін аяғына дамыл бермеген қарт мұсылманның жасы биыл 62-де, Агра қаласының тұрғыны. Есімі – Жаһангер Хан Аббас. Биыл қажылыққа жұбайы Зинат Бегіммен бірге баруға ниеттеніп отыр. Бұл жайында IslamNews порталы OnIslam.net ақпарат көзіне сілтем жасай отырып хабар таратты. Оның бар тапқан-таянғаны балаларынан артылмайтын. Есейгенде оларды үйлендіруге қанша шығынданды десеңізші. Балалар өз бетімен өмір сүруге көшкеннен кейін қарт мұсылман өмір бойы армандаған қажылыққа ақша жинауға мүмкіндік алды. Үндістандағы табыстың тым төмендігі мен қажылыққа бару құнының артуына байланысты қарт мұсылманның қаншалықты еңбектенгенін ішіңіз сезіп отырған шығар. Оның айтуынша, арманның үлкен-кішісі жоқ, тек төзімділік пен табандылық таныту керек. 

0 пікір
Мұрағат