Қатерлі ісіктің осал жері табылды
Қатерлі ісіктің осал жері табылды
3 жыл бұрын 4479 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қатерлі ісік жасушаларының белгілі болған ерекшеліктері болашақта онкологиялық ауруларды емдеуде ескерілетін фактор ретінде обырмен күресудің басты құралына айналуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қатерлі ісік жасушаларының ерекшелігін анықтау мақсатында әлем бойынша төрт бірдей зертханада мыңдаған адам жасушаларын өсіріп, оларды түрлі дәрі-дәрмектің әсеріне ұшыратып көрген еді. Қатерлі ісік жасушалары сау жасушалардан хромосома жиынтығымен айрықшаланады. Бұл құбылысанеуплоидия деп аталады. Ол қатерлі ісікте 90%-ға дейін, ал онкологиялық қан ауруларында 75%-ға дейін болады. Сау адам жасушаларында 23 жұптан 46 жиынтығы кездеседі, алайда, қатерлі ісік жасушаларына айналған жағдайда онда тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайтын құрылымдар саны өзгеруі мүмкін. Соңғы бірнеше ондаған жыл ішінде қатерлі ісік кариотипасының (хромосом жиынтығының белгілері) аномалиясын зерттеу жұмыстары үлкен қиындықтармен жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Израилдік Tel Aviv University жоғарғы оқу орнының мамандары онкологиялық түрлі жағдайларда анеуплоидия деңгейінің қаншалықты өзгеретінін анықтауға күш салған. Осы мақсатта олар әлемнің әр түкпіріндегі науқастар тінінен алынған үлгілерден қатерлі ісік жасушаларын өсіріп, оларды биоинформатиканың озық әдістерімен зерделеп, анеуплоидия деңгейлеріне қарай жіктеген еді. Бұл қатерлі ісіктегі хромосомалық ауытқулардың құбылмалығын жете түсінуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, мұндай жасушалардың сау жасушалардан кариотип бойынша айырмашылығын мұқият зерделеуге септігін тигізді. Биологтер мұндай зерттеуді компьютер секілді тек осы заманғы озық техника мен технологияның арқасында ғана жүргізе алғанын айта кетпеске болмайды. Осылайша қатерлі ісік жасушаларының сау жасушалардан өзгеше ерекшілігі барына көз жеткізген. Әлбетте, қатерлі ісік жасушалары әдеттегіге қарағанда бақылаусыз, яғни, шектен тыс көп бөлінеді, десе де бұл процестің бір кезеңі бар – бұл кезеңде қандай да бір ақау орын алса, бөлінуін қояды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, митоздың (Мито́з (көне грек тіліндегі μίτος сөзі «жіп» мағынасын береді - Уикипедия) — жасушалардың бөліну жолдары, дәлірегі, жасушалардың түзу емес болып бөлінуі)  метафазасы мен анафазасы арасындағы жасуша циклінің бақылау нүктесі (spindle assembly checkpointSAC) деп аталатын кезең пайда болғанда бөлінуін тоқтатады. Сау жасушалар белгілі бір шекке дейін SAC кезінде пайда болған қателіктерді жоя алады, ал анеуплоидия деңгейі жоғары қатерлі ісік жасушалары бөлінуін тоқтатады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибелер нәтижесі де израилдік ғалымдардың гипотезасын растады. Осыған байланысты ендігі жерде пациенттер тінінен алынып, қолдан өсірілген жасушалармен емес, жануарлар жасушаларымен тәжірибе жүргізіп көрмек. Аталмыш зерттеуді бастама етіп көтерген - Tel Aviv University жоғарғы оқу орнының Саклера медицина факултетіндегі Бена-Давид зертханасының мамандары. Оларға америкалық әріәптестері, дәлірегі, Броуд институтының (Broad Institute of MIT and Harvard) және Вермонт университетінің, сондай-ақ, немістердің Кайзерслаутерн техникалық университетінің (TU Kaiserlautern), италиялықтардың және Еуропалық онкология институтының (IRCCS), нидерландық Гронинген университетінің (University of Groningen) мамандары көмектесті. Қысқасы, аталмыш зерттеуге ұзын саны 26 ғалым атсалысқан. Бұл зерттеу жалғасын табады.

Қосымша мәлімет (infourok.ru дерек көзінен):


Митоз дегеніміз – бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді.

Кез келген күрделі үдеріс тәрізді митоз лезде өтпейді.Жасуша бірқатар жүйелі фазаларда өтеді. Соның нәтижесінде еншілес жасушаның әрқайсысы аналық жасушада қандай болса, дәл сондай хромосомалар жиынтығын алады. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады.

Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады.

  1. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды.
  2. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді.
  3. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады.
  4. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Соңында әр жасушаның заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді.

Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы.

  1. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі.
  2. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады.
  3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.
  4. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды. 

Ұқсас материалдар:

«Қатерлі ісік жасушасының ең осал тұсы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-jasushasynyn-en-osal-tusy-tabyldy-14756/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустар аталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-tudyruga-qabiletti-virustar-ataldy-14961/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qaterli-isik-pandemiyasy-kele-jatyr-13137/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-shapshan-osuinin-qupiyasy-ashyldy-14737/#gsc.tab=0);

 «Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/teri-obyryna-qarsy-ekpenin-tiimdiligi-4-jyl-saqtaldy-14732/#gsc.tab=0);

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0);

«Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/stress-gormony-qaterli-isik-jasushasyn-oyatady-14488/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат