Иранның ғылымды қажет ететін компаниялары жылына 2,5 миллиард доллардан асатын өнім экспорттаған
Иранның ғылымды қажет ететін компаниялары жылына 2,5 миллиард доллардан асатын өнім экспорттаған
2 ай бұрын 390 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өнімдері білім мен ғылымның озық жетістіктеріне негізделген ирандық компаниялар парсылардың жыл санау күнтізбесі бойынша бір жыл ішінде 3,6 млн тоннадан асатын өнімді 2,506 млрд долларға экспорттаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Таяу шығыстағы аталған елдің кеден басқармасы (IRICA) келтірген дерекке жөн сілтеген irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.IRICA мәліметіне сәйкес 2023 жылдың  наурыз айының  21-нен 2024 жылдың наурыз айының 19-на дейін білімге негізделген компаниялар елге 5,141 миллиард долларға шамамен 1,158 миллион тонна тауар импорттаған. Білімге негізделген компаниялар импорттаған тауарлардың шамамен 85 пайызы Қытайдан, Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ), Түркиядан, Германиядан және Үндістаннан келген. Осы кезеңде Иранның білімге негізделген компаниялары өз өнімдерін Қытай, Ирак, БАӘ, Түркия және Ресейге экспорттады. Осы кезеңде білімге негізделген компаниялар салмағы және құны бойынша елдің жалпы экспортының тиісінше 2,6 және 5 пайызын құрады. Жетілдірілген материалдар мен химиялық технологияға негізделген өнімдер осы компаниялардың экспорттық құнының шамамен 80 пайызын құрайды. Иранның өнеркәсіп министрінің орынбасары Мұхаммед Мәжит Фулладгар ирандық өнімдерді импорттауда Қытай көш бастап тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол ел аумағында білім мен ғылымға негізделген 10 мыңға тарта өнеркәсіптік компания барын жариялады.

0 пікір
Мұрағат