Қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустар аталды
Қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустар аталды
4 жыл бұрын 3634 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Владимир Гурцевич есімді ресейлік медицина ғылымдарының докторы қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустарды атады. Бұл жайында Блохин атындағы онкологиялық ұлттық медицина зерттеу орталығының вирустық канцерогенез зертханасының бас ғылыми кеңесшісі «Аргументы и факты» мерзімді басылымына берген сұхбатында айтты. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымның айтуынша, адам организіміндегі кей вирустар белгілі бір жағдайларда онкологиялық ауруларға ұрындыруы мүмкін. Мәселен, В және С гепатит вирусы бауыр обырына шалдықтыруы ықтимал, ал Эпштейн-Барр вирусы (Ходжкин лимфомы) мұрын-жұтқыншақ обырына апарып соқтыратын қауіпті вирустар санатынан (4-ші типты герпестік вирус. Аталмыш вирустың атауы ағылшын вирусолгы Майкл Энтони Эпштейн (ағылшыншасы - Michael Anthony Epstein) мен оның шәкірті Ивонна Баррдың құрметіне қойылған. Ал Ходжкин лимфомы – лимфатикалық жүйенің қатерлі ісігі – ред.). Сонымен қатар, адам папилломасы (жыныстық жолмен жұғатын ауру) вирусының кейбір түрлері жатыр обырына, ауыз бен жұтқыншақ қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, 8-ші типті герпес вирусы Капоши саркомасы (KS) деп аталатын, сирек кездесетін қатерлі ісігін (АИТФ-инфекциясының белгісі, яғни, ЖИТС) тудыруы мүмкін, Т-лимфотропты вирус – Т-жасушалы лейкозына және Т-жасушалы лимфомына, Меркел жасушасының полиомавирусы Меркел саркомына ұрындыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат