Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты
Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты
3 жыл бұрын 2815 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Юлия Ненашева есімді ресейлік гематолог дәрігер «Бесінші арнаға» берген сұхбатында қан тобы мен онкологиялық аурулар арасында байланыс болатынын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өз саласына жетік маманның өзіне қарағанда әрі статистикалық мәлімет те растағандай, белгілі бір қан тобындағылардың қандай да бір қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болады. Мәселен, екінші қан тобындағылардың арасында асқазан обырымен ауыратын науқастар қарасы өзге қан тобынғадыларға қарағанда 20 пайыз жоғары болып келеді. Сондай-ақ, екінші және төртінші қан тобындағылар арасында ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттер қарасы өте көп. Ал бірінші қан тобындағылар керісінше онкологиялық ауруларға бой бере бермейді, десе де олардың арасында тері, өкпе обырына шалдыққандар көбірек кездеседі. Ал ұлтабар мен қанның қатерлі ісігінің ешбір қан тобымен байланыстылығы анықталған жоқ. Осылай деген гематолог онкологиялық процестің тек 20 пайызы ғана генетикалық тұрғыдан бейімділіктің нәтижесінде орын алатынын жеткізді. Қалған 80 пайызы адамның өзі кінәсінен орын алады, яғни, саламатты өмір салтын ұстанбауынан онкологиялық ауруларды жамап алады. Сөзінің соңында ол қан тобын өзгерте алмасақ та қалғаны өз қолымызда екенін ескертіп өтті.

Ұқсас материалдар:

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0);  

0 пікір
Мұрағат