SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
|
Әскери техника мен роботтандырудың жетістіктеріне қарамастан болашақтағы сарбаздардың иығына артылар жүк кемімейді, олардың мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар өте қатаң болып қала береді: олар салмағы бірнеше ондаған келі тартатын жауынгерлік техниканы кейде бірнеше шақырым өздерімен бірге жаяу алып жүруге тура келетін кездер болады. Осыны ескерген Amprius компаниясының мамандары әзірлеген келесі буынды, өте тығыз киілетін батареялары (CWBs) сарбаздардың машақатын жеңілдетеді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай оотырып мәлім етеді. Технологиялық жтістіктерге басымдық берілетін осы күнгі соғысқа қажетті кез келген электронды жабдық үшін әмбебап, портативті қуат көзін қлыптастырудың маңызы зор. Ол мейлінше жұқа конфигурацияға ие болуы тиіс денемен дене болып тұруы үшін, сондай-ақ, ескірген аккумуляторларды уақыт өте келе алмастыратындай болуы керек. Amprius компаниясының SiMaxx өнімі кәдімгі графиттік анод кремнилік наносымды анодқа ауыстырылатын арнайы аккумулятор - ол литий иондарының «қорын» 10 есе арттырады және энергия сыйымдылығын арттырады. Ол салмағы бойынша бір келіге шаққанда 500 Вт және көлемі бойынша бір келіге шаққанда1300 Вт үлестік энергия тығыздығын қамтамасыз ететін өнім ретінде алға шығады. Жоғары энергия тығыздығы SiMaxx-ке қазіргі батарея үлгілерінің қуат шығысын екі есе арттыруға мүмкіндік береді, бұл артықшылық өз кезегінде әскери қызметкерлерге киілетін электроника үшін қуат әлеуетін арттыруға және қайта зарядтауды қажет етпестен әскери операцияларда немесе миссияларда ұзағырақ уақыт қалуға мүмкіндік береді.