Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ
5 ай бұрын 1090 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея мұсылман туристер үшін инфрақұрылым қалыптастыру бағытында алғашқы қадам жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ajupress ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің астанасының, яғни, Сеул қаласының әкімшілігі мұсылман елдерінен туристерді көптеп тарту мақсатында шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін мейманханалар мен мейрамханалар санын арттырып, намазхана бөлмелер ашуды жоспарлап отыр. Қалалық туризм басқармасы осы айда мұсылман туристерді тарту бағытындағы іс-шаралары үшін ғылыми жоба әзірлемек. Бұл толығымен Сеулдегі мұсылман қонақтарының жағдайын жақсартуға арналған қаланың бірінші жобасы. 2023 жылы Кореяға келген 1 миллионнан астам шетелдік туристердің 273 000-ы Таяу Шығыстан және 218 000-ы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен, соның ішінде ислам дінін ұстанатын Малайзия мен Индонезиядан келген. Мұсылман саяхатшылар Оңтүстік Кореяны өзіндік қолтаңбасы - мәдениеті айрықша, таза, қауіпсіз ел ретінде қабылдағанымен, көбі халал тағамдар ұсынатын мейрамханалардың жоқтығына шағымданады. Аталмыш жоба аясында Сеул билігі халал мейрамханалар туралы ақпаратты жаңа нұсқаулыққа енгізеді. Қаланың әр түкпірінде намазхана ашу нұсқалары да қарастырылуда.

0 пікір
Мұрағат